"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын iске асыру, "Кедергiсiз келешек" партиялық жобасын iске асыру мақсатында мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған бейiмдеу жоспарын орындау шеңберiнде Аршалы ауданында 98 нысан паспортандырылды және бейiмделдi.

Бұл нысандар интерактивтi қолжетiмдiлiк картасына енгiзiлген. 2021 жылы 16 нысанды толық бейiмдеу жоспарлануда. Бүгiнгi таңда 9 нысан толығымен бейiмделдi, атап айтқанда, пандустармен қамтамасыз етiлдi, тактильдi жолақтар, пиктограммалар, көмектi шақыру түймелерi, көрсеткiштер орнатылды. Мониторингтiк топ мүгедектiгi бар адамдар үшiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi объектiлерге тұрақты негiзде түгендеу жүргiзедi.

Дата публикации
11 октября 2021