Ең төменгі жеткіліктілік шегі

Ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл алынбайтын және салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотында қалуы тиіс зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы.

 

Мысалы, Сіз 37 жастасыз және зейнетақы жинақтарының сомасы 5 000 000 теңгені құрайды. 

37 жастағы адамдар үшін 2021 жылы жеткіліктілік шегі 3 130 000 теңге мөлшерінде белгіленген.

 

5 000 000 – 3 130 000 = 1 870 000 теңге, яғни 3 130 000 теңге зейнетақы шотында қалуы тиіс, ал 1 870 000 теңгені Сіз тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу ақысын төлеу мақсаттарына пайдалануға немесе жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға аударуға құқығыңыз бар.

 

Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеруін ескеріле отырып, жыл сайын қайта есептелетін болады. Сіз мерзімінен бұрын пайдалануға қолжетімді соманы enpf.kz сайтындағы немесе ENPF мобильді қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы біле аласыз.

 

Дата публикации
17 сентября 2021