
Азаматтық - құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) жеке (орындаушы) және заңды (тапсырыс беруші) тұлғалар арасында жасалады.
АҚС шарты бойынша табыс алған кезде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) табыстың 10 % мөлшерінде, бірақ ЕТЖ 50 еселенген мөлшерінің 10 % аспайтын мөлшерде төленеді.
Тапсырыс беруші (заңды тұлға) МЗЖ-ны табыстарды төлеген айдан кейінгі айдың 25-не дейін аударады.