Зейнетақы жинақтардың бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударған мәртебесін қайдан бақылауға болады?

ЖАУАП: Қайырлы күн, құрметті салымшы! Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуға берген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы Жеке кабинеттегі «Менің төлемдерге/аударымдарға берген өтінішім» деген бөлімі арқылы қадағалауға болады.

 

ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары туралы мәліметтер ЖЗШ-дан үзінді көшірменің бастапқы бетінде көрсетіледі.

Дата публикации
17 сентября 2021