Қор бөлімшесіне бармай, www.enpf.kz сайтынан 10-нан астам электрондық қызметтерді алуға болады

Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде Сіз келесі қызметтерді ала аласыз:

  • халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қызмет көрсетуге өтініш беру;
  • қызмет көрсетуге кезекті брондау;
  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені e-mail арқылы алу (Қор базасындағы қолданыстағы e-mail мекен-жайы болған жағдайда);
  • төлемге құжаттарын алдын ала тексеру;
  • Қорға өтініш жолдау;
  • зейнетақы калькуляторын пайдалану;
  • Қорға онлайн қоңырау шалу;
  • кері қоңырауға тапсырыс беру.

 

Жеке кабинетте «Қызметтер» бөлімінде Қордың келесі онлайн қызметтерін алуға болады:

  • үзінді көшірмені қалыптастыру;
  • деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • төлем / аударым өтінімінің мәртебесін тексеру;
  • зейнетақы шартының «телнұсқасын» алу;
  • жеке зейнетақы шоты бар екендігі туралы анықтама алу;
  • зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру (1,2 топтағы мерзімсіз мүгедектіктің тағайындалуына байланысты, ЕЗЖ бойынша төлемдерді тағайындау);
  • ақпараттандыру тәсілін «интернет арқылы» деп өзгерту;
  • зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлікпен басқаруына аудару.

 

Кейбір қызметтер үшін ЭЦҚ қажет.

Дата публикации
17 сентября 2021