2021 жылдың 19 тамызындағы жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 656 950 (қабылданбағаны – 258 475) өтініш

2021 жылдың 19 тамызындағы жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 656 950 (қабылданбағаны – 258 475) өтініш, емделуге 50 618 (қабылданбағаны – 18 169) өтініш келіп түсті. Инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 3 191 (қабылданбағаны – 645) өтініш келді. 

 

Өтінімдердің қабылданбауының себептері: 

  1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
  2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
  3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті. 
  4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
  5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
  6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2021