Уәкілетті оператор

Біз өз посттарымызда уәкілетті операторлар туралы жиі айтамыз. Уәкілетті операторлар кімдер екеніне анықтама бере кетейік.

Уәкілетті оператор – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) үшін арнайы шоттар ашатын және жүргізетін заңды тұлға. Яғни, егер Сіз зейнетақы жинақтарыңыздың бір бөлігін жоғарыда көрсетілген мақсаттарға пайдалануды шешсеңіз, онда Сіз уәкілетті операторға жүгінуіңіз қажет.

 

Айта кетейік, уәкілетті операторларды ҚР Үкіметі анықтайды.

 

Бүгінгі таңда БЗТ бойынша өтінімдерді келесі уәкілетті операторлар қабылдайды:

🔸 «Отбасы банк» АҚ

🔸 «Halyk Bank» АҚ

🔸 «Altyn Bank» АҚ

🔸 «Банк ЦентрКредит» АҚ

Дата публикации
17 сентября 2021