Қазақстан Қытайдың Sinopharm компаниясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 млн дозасын сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiне сiлтеме жасап.
Бұған дейiн Алматыға Sinopharm-ның Vero Сell вакцинасының бiрiншi партиясы жеткiзiлгенiн жазған болатынбыз.
Денсаулық министрлiгi вакцинаға қатысты толық мәлiмет бердi. Оған сәйкес, бүгiн, 10 тамызда Қытай Халық Республикасымен жүргiзiлген келiссөздердiң қорытындысы бойынша коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының бiрiншi партиясы тиелген ұшақ Алматыға бiрыңғай дистрибьютор СҚ-Фармацияның қоймаларына келдi.
«Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мен ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң тапсырмасы негiзiнде Бiрыңғай дистрибьютор Бейжiң биологиялық өнiмдер институты әзiрлеген Covid-19-ға қарсы Sinopharm вакцинасының 4 млн дозасын сатып алуды жүзеге асырды.
Sinopharm Қытай вакцинасының бiрiншi партиясы 1 млн дозадан тұрады. Sinopharm вакцинасы жақын күндерi Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшiн қолжетiмдi болатын ҚР-да бесiншi тiркелген вакцина болады», — делiнген министрлiк ақпаратында.
Вакцинаны стикерлеу рәсiмi аяқталғаннан кейiн ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнiң рұқсат қағазына сәйкес жедел тәртiпте елiмiз өңiрлерiне жiберiледi.
«Бiрыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын GMP және GDP барлық стандарттарын, сондай-ақ «суық тiзбектi» сақтай отырып жүзеге асырады. Sinopharm вакцинасының ерекшелiгi — оны жеткiзу процесi мұздатқышты қажет етпейдi, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.
Қытайдың Sinopharm вакцинасын ДДСҰ 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсендi емес, екi дозалы. Сақтау мерзiмi — 24 ай», — деп нақтылады министрлiктен.
Ведомство мәлiметiнде, шiлде айында Қытайдың Sinopharm компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы COVAX вакциналар банкiне ендi.
«Вакциналар мен иммундаудың жаһандық альянсы (GAVI) қытайлық Sinopharm компаниясымен келiсiм жасайтындығын жариялады.
Бұл ДДСҰ-мен қауiпсiз және тиiмдi деп жiктелген алғашқы қытай препараты, 45 елде ересектерге вакциналауға рұқсат етiлген. Бүгiнгi таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндiруге мақұлданды. Сонымен бiрге, Қытай мен БАӘ Қытайдың Sinopharm фармакологиялық компаниясының белсендi емес вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады», — дедi ҚР ДСМ-нан.
Естерiңiзге сала кетейiк, сәуiр айының соңында Қазақстан БАӘ-де Нayat-Vax сауда атауымен шығарылған Sinopharm компаниясының Бейжiң биологиялық өнiмi институты препаратының миллион дозасын сатып алған болатын.
Денсаулық сақтау министрлiгi осындай маңызды жүктi елге тасымалдау және жеткiзу бойынша қажеттi рәсiмдердi уақытылы жүргiзуде жедел өзара iс-қимыл жасағаны үшiн ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетiнiң және «ЭйрАстана» АҚ авиакомпаниясының басшылығы мен ұжымына ризашылық пен алғыс бiлдiрдi.
Айта кетейiк, вакцинаны тасымалдау «суық тiзбек» қағидаты бойынша жүргiзiледi — әрбiр кезеңде температуралық режимдi қатаң сақтау қамтамасыз етiледi.
Сонымен қатар, әр деңгейде — өзiнiң жауапты ұйымы бар. Вакциналарды тасымалдау 4 кезеңде жүзеге асырылады:
1. Өндiрушiден Бiрыңғай дистрибьютордың хабтарына дейiн;
2. Бiрыңғай дистрибьюторлардың хабтарынан өңiрлердiң денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;
3. Өңiрлердiң денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға;
4. Медициналық ұйымдарда қолданғанға дейiн сақтау.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсендi сiлтеменi пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-balalarga-eguge-bolatyn-kytay-vakcinasynyn-4-mln-dozasyn-satyp-aldy_a3822169



