Сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарлама

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45 бабына, 2021 жылғы 28 шілдедегі шешіміне сәйкес Аршалы ауданының Аршалы кенті және ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін 2021 жылғы 25 шілдеде тіркеді:

Дмитрий Иванович Иванюк – Аршалы кентінің әкімі, 1971 жылы туған, Аршалы кентінде тұрады, Қазақстан Халық партиясының мүшесі.

Виталий Викторович Сураев – Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі, 1976 жылы туған, Ақбұлақ ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының мүшесі.            Алмас Ермекұлы Қожахметов – Арнасай ауылдық округінің әкімі, 1991 жылы туған, Аршалы кентінде тұрады, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Бахтияр Арынұлы Сұлтанбеков – Бірсуат ауылдық округінің әкімі, 1980 жылы туған, Бірсуат ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Тыныштық Ұзақбайқызы Қыдырбаева – Волгодонов ауылдық округінің әкімі, 1984 жылы туған, Волгодоновка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Дастан Саматұлы Бижанов – Михайлов ауылдық округінің әкімі, 1984 жылы туған, Михайловка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарлама
Дата публикации
28 июля 2021