2021 жылы 25 шілдеде Аршалы ауданының Аршалы кенті және ауылдық округтері әкімдерінің алты сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Аршалы ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Аршалы кенті әкімін сайлау бойынша
Аршалы сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5 557 азамат енгізілді, оның 1 391 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 52, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 30.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дүйсекин А.Т. – 427; Иванюк Д. И. – 832; Мұхаметжанов Ш. Ж. – 50.
Аршалы кентінің әкімі болып Дмитрий Иванович Иванюк сайланды, 1971 жылы туған, зейнеткер, Аршалы кентінде тұрады, оны Қазақстан Халық партиясы ұсынған.
Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Ақбұлақ сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 644 азамат енгізілді, оның 359 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 25.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бортникова А.А. – 59; Субботина И. В. – 43; Сураев В. В. – 216.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Сураев Виталий Викторович сайланды, 1976 жылы туған, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі, Ақбұлақ ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.
Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Арнасай сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 748 азамат енгізілді, олардың 418 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 100.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Инсебаев С. Т. – 51; Кожахметов А. Е. – 235; Мусабеков Б. Н. – 18.
Арнасай ауылдық округінің әкімі болып Қожахметов Алмас Ермекұлы сайланды, 1991 жылы туған, Аршалы кентінде тұрады, аудан әкімінің жер қатынастары саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі бас инспекторы, Аршалы кентінде тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.
Бірсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Бірсуат сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 510 азамат енгізілді, олардың 270 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 140.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Амангельдинов А.К. – 12; Рысмағамбетова Л.Х. – 19; Сұлтанбеков Б.А. – 92.
Бірсуат ауылдық округінің әкімі болып Сұлтанбеков Бахтияр Арынұлы сайланды, 1980 жылы туған, Бірсуат ауылдық округінің әкімі, Бірсуат ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.
Волгодонов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Волгодонов сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 802 азамат енгізілді, олардың 463 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 21, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 45.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бижанов Н. М. – 37; Князов К. С. – 33; Қыдырбаева Т.У. - 327.
Волгодонов ауылдық округінің әкімі болып Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы сайланды, 1984 жылы туған, «Волгодоновка ауылының жалпы білім беретін Волгодоновка орта мектебі» КММ директорының орынбасары, Волгодоновка ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.
Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Михайлов сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1 062 азамат енгізілді, олардың 756 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 76.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бижанов Д.С. – 335; Қажетов А. К. – 73; Терекбаев А. Ж. – 241.
Михайлов ауылдық округінің әкімі болып Бижанов Дастан Саматұлы сайланды, 1984 жылы туған, Михайлов ауылдық округінің әкімі, Михайлов ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы