2021 жылғы 15 шiлдеде Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өттi, онда «2021 жылғы 25 шiлдеге тағайындалған Аршалы кентi және Аршалы ауданының ауылдық округтерi әкiмдерiне кандидаттарды тiркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.
Аршалы ауданы Аршалы кентi және ауылдық округ әкiмдерiне кандидаттарды тiркеу қорытындысы туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Андрух Елена Анатольевна баяндама жасады.
Ол 2021 жылдың 14 шiлдесiндегi сағат 18-дегi жағдай бойынша Аршалы аудандық сайлау комиссиясымен Аршалы кентi мен ауылдық округ әкiмдерiне ұсынылған 23 кандидаттың 20-сы тiркелгенiн хабарлады.
Тiркелген үмiткерлердiң iшiнде 15 (75%) ер адам және 5 (25%) әйел адам бар.
Мынадай мамандықтар бойынша: 3 — экономикалық және қаржы мамандықтары, 6 — заң, 5 — педагогикалық мамандығы, 6 — басқа мамандықтар.
Кандидаттар арасында: 3 — жұмыс iстейтiн әкiм, 11 мемлекеттiк қызметшi, 4 мемлекеттiк ұйымдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң қызметкерi; 1 уақытша жұмыс iстемейтiн, 1 IIМ зейнеткерi.
2021 жылғы 14 шiлде сағат 18-ден бастап Аршалы кентi және Аршалы ауданының окург ауылдық округ әкiмдерiне тiркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шiлде сағат 00.00-ге дейiн жалғасатын сайлау алдындағы үгiттi бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшiн кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемiн бекiту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ — та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшiн қаражат бөлу көзделген: теледидарда — 15 минут; радиода-10 минут; мерзiмдi баспасөз басылымдарында немесе желiлiк басылымдарда екi мақаласын жариялау үшiн 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгiт жұмыстарын жүргiзу үшiн тең жағдайларға кепiлдiк берiледi.
Отырыстан кейiн бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi үшiн брифинг өттi, онда сайлау комиссиясының мүшелерi БАҚ сұрақтарына жауап бердi.