2021 жылғы 09 шiлдеде Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Ақмола облыстық филиалынан 1 кандидат ұсыну туралы құжаттар келiп түстi.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аршалы кентi және Аршалы ауданының ауылдық округтерi әкiмдерiне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттiк қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуiн тиiстi органдарға сұрау салу негiзiнде белгiлейдi.
2021 жылдың 25 шiлдесiне тағайындалған Аршалы кентi және ауылдық округ әкiмдерiне сайлау бойынша күнтiзбелiк жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2021 жылдың 26 маусымынан бастап ағымдағы жылдың 09 шiлдесiне дейiнгi кезеңде (сағат 18.00-ге дейiн) жүзеге асырылады.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы