2021 жылғы 25 шілдеге белгіленген Аршалы кенті және Аршалы ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына кандидат ұсыну туралы хабарлама

2021 жылғы 03 шілдеде Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған үш кандидаттан құжаттар келіп түсті.

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аршалы кенті және Аршалы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.

2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Аршалы кенті және ауылдық округ әкімдеріне сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2021 жылдың 26 маусымынан бастап ағымдағы жылдың 09 шілдесіне дейінгі кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 июля 2021