Аршалы ауданы Аршалы кенті және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына, Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы №24/98 «Аршалы кенті және Аршалы ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Аршалы кенті және ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы, Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

 

Аршалы ауданы Аршалы кенті және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері:

- Аршалы кенті әкімінің – Аршалы сайлау округі Аршалы кентінің шекараларында;

- Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің – Ақбұлақ сайлау округі Ақбұлақ ауылдық округінің шекараларында;

- Арнасай ауылдық округі әкімінің – Арнасай сайлау округі Арнасай ауылдық округінің шекараларында;

- Бірсуат ауылдық округі әкімінің – Бірсуат сайлау округі Бірсуат ауылдық округінің шекараларында;

- Волгодонов ауылдық округі әкімінің – Волгодонов сайлау округі Волгодонов ауылдық округінің шекараларында;

- Михайлов ауылдық округі әкімінің – Михайлов сайлау округі Михайлов ауылдық округінің шекараларында.

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Аршалы кенті, Ж.Тәшенов көшесі 47, 300Б каб. тел. 8(71644) 2-18-80

комиссия төрайымы – Андрух Елена Анатольевна;

төрайымның орынбасары – Сабиржанов Муктар Балгужаулы;

хатшы – Акубасова Сауле Барлыбаевна;

комиссия мүшелері: Асанова Людмила Сабировна, Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы, Пустовойтенко Галина Юрьевна, Руденко Марина Альгердовна.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 июня 2021