Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы кентінің және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыӘкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын2021 жылғы 25 маусым(113-1-б.2,3-т.)
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыСайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей(22-б.)
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыСайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей(13-б. 4-т.)
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыСайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей(17-б. 2-т.)
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Аудан әкіміСайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей(23-б. 5-т.)
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну
  Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтарЕгер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады(113-3-б.1-т.)
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы(4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыӘкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап(14-б. 8-1) т., 31-б.)
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыКандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде(113-4-б.)
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырыпҚол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде(113-4-б. 7-т.)
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі
  Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)Кандидат тіркелгенге дейін(113-5-б. 2-т.)
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну
  Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)Партиялық тізім тіркелгенге дейін(113-5-б. 3-т.)
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
  Мемлекеттік кіріс органдарыКандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде(113-5-б. 4-т.)
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыБарлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады(113-5-б.)
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыКандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей(113-5-б. 9-т.)
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру
  Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясыҮгіт басталғанға дейін2021 жылғы 13 шілдеге дейін(28-б. 6-т.)
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу
  Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады(27-б. 2-т.)
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттарменолардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясыСайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде(28-б. 4-т.)
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну
  Аудан әкіміДауыс беру басталардан жиырма күн бұрын2021 жылғы 5 шілдеге дейін(24-б. 5-т.)
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну
  Учаскелік сайлау комиссияларыДауыс беретін күнге он бес күн қалғанда2021 жылғы 10 шілдеден(26-б. 1-т.)
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету
  Учаскелік сайлау комиссияларыДауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей2021 жылғы 15 шілдеге дейін(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыЕрте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын2021 жылғы 22 шілдеден ерте емес және 24 шілдеден кешіктірмей(37-б. 3-т.)
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау
  Учаскелік сайлау комиссияларыДауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де(40-б. 1-т.)
24. Дауыс беруді өткізу
  Учаскелік сайлау комиссияларыСайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін(38-б. 1-т.)
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімсайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау
  Учаскелік сайлау комиссияларыЖергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады(18-б. 8) т., 43-б.)
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу
  Учаскелік сайлау комиссияларыХаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу(43-б. 8-т.)
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
  Учаскелік сайлау комиссияларыХаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу(113-8-б. 1-т.)
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыСайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей(113-10-б.)
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыСайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей(44-б.)
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру
  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясыСайлау өткізілген күннен бастапжеті күн мерзімдеСайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін2021 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
25 июня 2021