1.Ерiктi жарналар үшiн шот ашқым келедi, себебi, жинағымның мөлшерi аздау екендiгi туралы ойлана бастадым. Қартайған шағымда көбiрек зейнетақы алғым келедi. Қайда жүгiнуге болады?
Сiздұрысшешiмқабылдадыңыз. Ерiктiжарналар — бұлқартайғандаөзiңiздi қомақтызейнетақыменқамтамасызетудiңқосымшамүмкiндiгi. Сондықтан да болашақтақауiпсiздiктiңқаржылайкөмегiне ие болу үшiнқазiрден бастапөззейнетақыкапиталыңыздықалыптастырумаңызды. Соныменқатар, 2021 жылдың 1 мамырынанбастап ерiктiзейнетақыжарналарынесепкеалуүшiнжекезейнетақышотынашуөтеоңай болмақ. Оған сiздiң БЖЗҚ-ға келiп түскен алғашқы ерiктi зейнетақы жарнаңыз негiз болады.
ЕЗЖ-ны салымшы–жеке тұлға өз табысы есебiнен өз пайдасына, сондай-ақ, салымшының (жеке немесе заңды тұлға) алушының пайдасына аудара алады. Бұл ретте жарналардың мөлшерi мен кезеңдiлiгiн салымшы дербес айқындайды.
Жеке тұлға өз пайдасына өз табысы есебiнен ЕЗЖ төлеген кезде салық заңнамасында ЕЗЖ төленген сомаға салықтық шегерiм көзделгенiн атап өткен жөн.
Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап салық агентi (жұмыс берушi) өз қаражаты есебiнен қызметкердiң пайдасына төлейтiн ЕЗЖ, корпоративтiк табыс салығын есептеу кезiнде шегерiмге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушi қызметкердiң пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердiң табысына салық салу кезiнде ескерiлмейдi.
БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеудi сiз екiншi деңгейдегi банктер (ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыра аласыз. Айтпақшы, кейбiр банктер жарналарды онлайн(ұялы қосымша немесе өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкiндiгiн ұсынады. Бұдан басқа, жұмыс берушiге өтiнiш беру мүмкiндiгi де бар, оның негiзiнде жұмыс берушi ЕЗЖ-ны өтiнiш берушiнiң не үшiншi тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға тұрақты түрде аударатын болады.
2.Жолдасым өз жинағының бiр бөлiгiн жеке ИПБ-ға беру туралы өтiнiш жазды. Ал мен, «Егер олар үмiтiмiздi ақтай алмаса ше?» деген уайымдамын. Ондай жағдайда бiзге не iстеу керек?
Ең алдымен, инвестициялық портфельдi басқарушыларға салымшының БЖЗҚ — дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткiлiктiлiк шегi арасындағы айырмадан аспайтын мөлшердегi немесе сақтандыру ұйымымен өмiр бойғы төлемдердi көздейтiн зейнетақы аннуитетi шарты жасалған болса, салымшының БЖЗҚ-дағы шотында қалған зейнетақы жинақтарының мөлшерiнен аспайтын көлемдегi зейнетақы жинақтарын бере алатынын атап өткен жөн.
ИПБ қызметi — бұл басқарушы компаниялардың өздерiнiң инвестициялау шарттары мен стратегиясын ұсынатын бәсекелестi орта болғандықтан, салымшыға өз жинақтарын аудару туралы шешiм қабылдағанға дейiн компания туралы ақпаратты егжей-тегжейлi зерделеудi ұсынамыз. Инвестициялық декларациялар және комиссиялық сыйақы туралы мәлiметтер enpf.kz сайтындағы«Қызметтер» — «Инвестициялық портфельдi басқарушылар тiзбесi»бөлiмiндеорналастырылған.
Зейнетақы жинақтарын инвестициялау — ұзақ мерзiмдi үрдiс, сондықтан басқарудың алғашқы нәтижелерiн тек бiр жылдан кейiн бағалаған дұрыс.
Осыған сүйене отырып, салымшы:
- өзiнiң зейнетақы жинақтарын бiр ИПБ-дан екiншi ИПБ-ға сенiмгерлiкпен басқаруға беру үшiн ИПБ-ны өзгерту туралы өтiнiштi жиi дегенде жылына бiр рет бере алады;
- БЖЗҚ-ға ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банкке сенiмгерлiкпен басқаруға қайтаруға (жинақталған зейнетақы қаражаты ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруына алғаш берiлгеннен кейiн екi жылдан кейiн) өтiнiш ұсына алады.
Салымшы зейнет жасына жеткенге дейiн күнтiзбелiк 10 күн бұрын оның зейнетақы жинақтары инвестициялық кiрiстi ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқаруына қайтарылады (егер олар осы мерзiмге дейiн ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруында болған болса) және кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру, зейнетақы аннуитетi шартын жасау үшiн немесе заңнамада көзделген өзге де мақсаттарға пайдаланылатын болады.
Назарларыңызды тағы да мынадай жәйттерге аударғымыз келедi. Мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып,нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiкжарналар мөлшерiнде сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқаруындағы сомаларға ғана көзделген.
ИПБ алған зейнетақы активтерiнiң номиналды кiрiстiлiгi мен Заңға жәнеҚНРДА-ның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес есептелген зейнетақы активтерi кiрiстiлiгiнiң ең төменгi мәнi арасында терiс айырма пайда болған жағдайда, ИПБ аталған терiс айырманы меншiктi капиталы есебiнен өтейдi. Ол оны ҚНРДА-ның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен мерзiмде, зейнетақы жинақтары өтем жүргiзiлетiн жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша осы ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруында болған Өтiнiш берушiге кейiннен аудару үшiн жүзеге асырады. Бұл ретте аталған сома салымшылардың БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарына есептеледi.
Кiрiстiлiктiң ең төменгi деңгейi нарықта әрекет ететiн ИПБ-ның басқаруына берiлген зейнетақы активтерiнiң орташа алынған кiрiстiлiгiн негiзге ала отырып есептелетiн болады.
3.Лицензиясы бар ИПБ мен маған есептелген инвестициялық табыс туралы қайдан бiлуге болады?
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi (ҚНРДА) белгiлеген талаптарға сәйкес келетiн ИПБ тiзiлiмi жүргiзiлiп, ай сайын ҚНРДА-ның интернет-ресурсында орналастырылады (www.finreg.kz).
Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi инвестициялық портфельдi басқарушыларға қатысты бекiткен талаптарға нарықта жұмыс iстейтiн және басқарушы компаниялар агенттiгiнiң лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келедi:
«First Heartland Jysan Invest» АҚ;
«BCC Invest» АҚ –«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншiлес ұйымы»;
«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕҰ);
«Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкiнiң ЕҰ» АҚ;
«First Heartland Capital» АҚ;
«Сентрас Секьюритиз» АҚ.
Алайда зейнетақы жинақтарын бұл ИПБ-ларға сенiмгерлiкпен басқаруға беру үшiн зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың, сондай-ақ, БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы қажет.
Қазiргi кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқару туралы шартты:
«First Heartland Jysan Invest» АҚ,
«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕҰ),
«BCC Invest» АҚ –«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншiлес ұйымы»;
«СентрасСекьюритиз» АҚ-мен жасады.
Осылайша, қаржынарығында БЖЗҚ зейнетақыактивтерiнсенiмгерлiкпенбасқарутуралышартжасасқан 4 ИПБ бар.
Сiзөз таңдауыңызды жасағаннанкейiн,жекезейнетақышотыңыздан берiлетiнүзiндiкөшiрмедебасқарушы компания сiздiңзейнетақыжинақтарыңыздыорналастыруданқандайинвестициялықтабысесептегенiнкөреаласыз. Оны https://www.enpf.kzсайтындағы жеке кабинетте кез келген кезең үшiн қалыптастыруға болады.
4.Мен зейнетақы жинақтарының бiржолғы төлемiнен салық ұсталатынын естiген едiм, осы рас па және оның мөлшерi қандай?
Иә, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алған кезде салық заңнамасы бойынша табыс салығын ұстап қалу көзделген. Салымшының жеке зейнетақы шотына түскен кезде зейнетақы жарналарына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Сондықтан зейнетақы жинақтарын төлеу кезiнде оларға салық салынады.
Алайда бiржолғы зейнетақы төлемiн алған кезде салымшыға таңдау құқығы берiледi — ЖТС бiр рет немесе мерзiмiн ұзарта отырып-зейнеткерлiкке шыққан кезде он алты жылдан аспайтын мерзiм iшiнде ай сайын тең үлестермен(БЖЗҚ белгiлеген зейнетақы төлемдерi кестесi бойынша)төленуi мүмкiн.
Егер салымшы ЖТС-ты толық көлемде бiрден төлеу туралы шешiм қабылдаса, онда ол өз өтiнiшiнде ЖТС-ты 10% мөлшерiнде шегере отырып, алуға болатын соманы көрсетуi тиiс.
Салымшыға қолайлы болуы жәнеоның дербес шешiм қабылдауы үшiн БЖЗҚ-дан берiлетiн үзiндi көшiрмеде екi сома да көрсетiлген. Салымшы көрсеткен алуға болатын сома БЖЗҚ-дан уәкiлеттi операторда ашылған оның арнайы шотына аударылатын болады.
5.Мен ипотека бойынша пәтер сатып алу үшiн БЗТпайдаландым. Егер болашақта алу үшiн жеткiлiктi соманы жинасам, зейнетақы жинақтарымның бiр бөлiгiн тағы да ала алам ба?
Иә, әрине. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшiн бiржолғы зейнетақы төлемдерiн пайдалану қағидаларында азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетiмдi зейнетақы жинақтары сомасының шегiнде шектеусiз рет пайдалана алады деп көзделген.