5 сұрақ МАМЫР

1.БЖЗҚ-да жеке шотымның бар екендiгi туралы анықтама алғым келедi. Қазiр iндет кезiнде кеңсе аралай бергiм келмейдi, сондықтан интернет арқылы анықтама ала аламын ба, жауап берiңiзшi?

Иә, әрине. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) бар екендiгi туралы анықтама алу үшiн «БЖЗҚ» АҚ-ныңwww.enpf.kzсайтындағы «Жеке кабинетте» орналастырылған «Электрондық қызметтер»бөлiмiне электрондық цифрлық қолтаңбаның немесе тiркелген логин мен парольдiң көмегiмен кiру қажет. Бұдан әрi «Қызметтер» бөлiмiндегi«ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу» батырмасына басқан кезде анықтама қалыптастырылады. Қалыптастырылған анықтаманың жоғарғы бұрышындағы QR-код БЖЗҚ уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың электрондық нұсқасына веб-сiлтеменi қамтиды. Бұл веб-сiлтеме осы құжат берiлген күннен бастап 1 (бiр) ай iшiнде қолжетiмдi екенiне назар аударамыз.

2.Әкем бес ай бұрын қайтыс болды. Бiрақ ол кезде мен ол кiсiнiң зейнетақы жинақтарын мұраға ала алатынымды бiлмедiм. Мен осы мәселе бойынша қазiр өтiнiш бере аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 31, 32, 33-баптарына сәйкес мiндеттi, мiндеттi кәсiптiк және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес мұраны алу үшiн мұрагер мұра ашылуы тиiсорын бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлiк беруге уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы не мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiш түсiру арқылы қабылдауға тиiс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай iшiнде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай iшiнде қабылдануы мүмкiн.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мұраның ашылған орны бойынша нотариусқа жүгiнуге кеңес беремiз (бұл қайтыс болған адамның тұрғылықты жерi).

Мәлiмет үшiн төмендегi ақпаратты ұсынамыз:

1) Заңға сәйкес БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте жүзеге асыруға мiндеттi. Аталған тәртiп, сондай-ақ, қажеттi құжаттардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылғанзейнетақы жинақтарынтұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерiн, бiржолғы зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру, оларды БЖЗҚ-ға қайтару қағидаларында айқындалған;

2) Заңға сәйкес алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына нежерлеудi жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерi шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төлейдi;

3) БЖЗҚ-ның www.enpf.kzмекенжайы бойынша веб-сайтында қажеттi құжаттар тiзiмi, оларды рәсiмдеу талаптары, БЖЗҚ-ның өңiрлiк бөлiмшелерiнiң мекенжайлары көрсетiлген.

Қағидалардың 15 немесе 17-тармақтарында айқындалған құжаттар болған жағдайда БЖЗҚ-ға жүгiнуге кеңес беремiз.

3. Мен жақында жеке кәсiпкер ретiнде тiркелдiм. Зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес (бұдан әрi — Заң) жеке практикамен айналысатын адамдар, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кiрiстер алатын жеке тұлғалар үшiн Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, өз пайдасына БЖЗҚ-ға төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан көп емес мөлшерде белгiленедi.

Жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ,жеке кәсiпкер өз пайдасына БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн дербес айқындайтын кiрiс алынатын табыс болып табылады. Табысы болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ,жеке кәсiпкерлер БЖЗҚ-ға өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызы есебiнен мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 Қаулысымен бекiтiлген мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорына аудару және олар бойынша өндiрiп алу Қағидаларының 8-тармағына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргiзедi. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсiби медиаторлар, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, екiншi деңгейдегi банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрi-ЕДБ) шоттары жоқ жеке тұлғалар мiндеттi зейнетақы жарналарын кейiннен БЖЗҚ-ға аудару үшiн ЕДБ-ға қолма-қол ақшамен енгiзедi. Мiндеттi зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен не ЕДБ арқылы қолма-қол емес тәсiлмен төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелерi туралы» Заңында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Менiң еңбек өтiлiм қате есептелiптi, сондықтан зейнетақыны қайта есептеудi қалай жүзеге асыруға болады?

Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап базалық және ортақ зейнетақыдан және жинақтаушы зейнетақыдан тұратын мемлекеттiк аралас зейнетақы жүйесi жұмыс iстейдi. Сiздiң жағдайыңызда зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi еңбек өтiлiмен анықталатын, ал зейнетақы төлемдерiнiң көзi — халықтың жұмыс iстейтiн бөлiгiнiң салық аударымдары мен басқа да түсiмдер есебiнен мемлекеттiк бюджет болып табылатын ортақ зейнетақы туралы сөз болып отырған шығар. Оған 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлiкке шығу кезiндегi еңбек өтiлi кемiнде алты айды құрайтын адамдар үмiт арта алады.

Жинақтаушы жүйе Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн ай сайынғы кiрiстен мiндеттi зейнетақы жарналарының белгiленген 10 пайыздық мөлшерiн және жұмыс берушi есебiнен жұмыскерлердiң ай сайынғы табысынан және кәсiптерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өндiрiстердiң, жұмыстар мен кәсiптердiң тiзбесiнде көзделген жұмыскерлердiң пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының 5 пайыздық мөлшерiн көздейдi.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiне жүгiнуiңiздi сұраймыз.

5. Мен Қазақстанда уақытша жұмыс iстейтiн Ресей азаматшасымын. Ерiктi зейнетақы жарналарын аудара аламын ба және оны қалай жүзеге асыруға болады?

Иә, әрине, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес, ЕАЭО елдерi еңбекшiазаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру солардың зейнетақы жарналары есебiнен жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының құқықтарын қалыптастыружағдайларымен бiрдей шарттарда және тәртiппен жүзеге асырылады.

Осы Келiсiмнiң 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы ерiктi зейнетақы жарналары (бұдан әрi-ЕЗЖ) да жатады.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап БЖЗҚ-ға келiп түскен алғашқы ерiктi зейнетақы жарнасы ЕЗЖ-ны есепке алу үшiн жеке зейнетақы шотын ашуға негiз бола алады. ЕЗЖ мөлшерi мен кезеңдiлiгiн салымшы дербес айқындайды.

Пайдасына ЕЗЖ есептелiнетiн жеке тұлғаны сәйкестендiру ЕЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күнi) бойынша жүзеге асырылатын болады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелерi, тұрақты тұратын жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың тиiстi ақпараттық жүйелерiнен алады.

БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеудi екiншi деңгейдегi банктер (ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген ЕДБ-лар жарналарды онлайн режимiнде (мобильдi қосымша немесе өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкiндiгiн де ұсынады.

БЖЗҚ сайтында (https://www.enpf.kz/ru/services/depositors/ipa/vpc.php)толық ақпаратпен танысуға болатынын қосымша хабарлаймыз.

Дата публикации
10 июня 2021