Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 12,6 триллион теңгеден асты. Бәрiмiзге белгiлi, бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
2021 жылғы 1 қаңтардан 1 мамырға дейiнгi төрт айдың iшiнде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 475,8 млрд теңге мөлшерiнде таза инвестициялық табыс есептелгенiн атап өту маңызды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк 1 мамырға 3,8%, ал инфляция 2,7% болды. Соңғы 12 айда инфляция 7,0%, кiрiстiлiк 9,8%-ды көрсеттi.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижелерiне сәйкес апта сайын қайта есептеледi және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түрiндегi кiрiстер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кiрiстер және т. б. кiредi.
Жалпы, барлық зейнетақы активтерi БЖЗҚ-ға бiрiктiрiлген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс шамамен 5,2 трлн теңге болды. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемiндегi таза инвестициялық табыстың үлесi 35,6% болады.
Егер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi құрылған 1998 жылдан бергi кезеңдi алсақ, таза инвестициялық табыс 6 триллион теңгеден асты. Осы уақыт iшiнде инвестициялық кiрiстiлiк өсу қорытындысымен 621,9% құрады. Ал инфляция 519,4% болды. Осылайша 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы 102,5%.
Айта кету керек, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңiнде талдаған орынды. Қысқа мерзiмдi деректер (күнделiктi, ай сайынғы және т.б.) көрсеткiш болып табылмайды, өйткенi, олар күнделiктi нарықтық жағдайға байланысты.
Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi ашық: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшаның көмегiмен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланып отырады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).