2021 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфельдерi

Enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер — Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және инвестициялық портфельдi басқарушының зейнетақы активтерiн инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ 2021 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық қызметке жалпы шолу орналастырылған.

2021 жылдың 1 мамырында зейнетақы активтерiнiң жалпы көлемi 12,6 трлн теңге болды. Бұл ретте БЖЗҚ-ның ҚРҰБ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерi 12 593,67 млрд теңгенi құрады. Салымшылардың қазақстандық басқарушы компанияларға аударған БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерi 2,8 млрд теңгеден асты.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi

2021 жылдың 1 мамырына ҚР Ұлттық қорын басқару жөнiндегi Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберiнде ҚР ҰБ (сенiмгерлiкпен басқарушы ретiнде) инвестициялаудың негiзгi бағыттарын былайша берген:

- ҚР Қаржы министрлiгi шығарған, ағымдағы құны 5 292,61 млрд теңгенi (бүкiл портфельдiң 42,3%) құрайтын ҚР Мемлекеттiк бағалы қағаздары. ҚР Қаржы министрлiгiнiң теңгеге номиналданған МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылына 8,8%, АҚШ долларында — жылына 4,2% құрады.

- ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 756,42 млрд теңге (13,95%). ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 6,6% құрады.

- 1 049,25 млрд теңге (8,33%) сомасына ҚР екiншi деңгейдегi банктерiнiң облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылына 10% құрады. ЕДБ депозиттерiне 248,86 млрд теңге (немесе портфельдiң 1,98%) орналастырылды. ҚР ЕДБ салымдарын өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк есептi күнге жылдық 9,1 %-ды құрады.

- 1 134,51 млрд теңге (портфельдiң 9,01%-ы) мөлшерiндегi сыртқы басқарудағы активтер. 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсiм 38,94 % құрады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлiнiсiндегi қаржы құралдарының инвестициялық портфелi былайша берiлген:

ұлттық валютадағы инвестициялар — 68,14%, АҚШ долларында — 31,71%, ресей рублiнде — зейнетақы активтерi портфелiнiң 0,14%-ы.

Жыл басынан берi есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие:

- бағалы қағаздар, оның iшiнде орналастырылған салымдар және «керi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түрiндегi кiрiстер 284,76 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кiрiстер 26,47 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кiрiстер 49,23 млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кiрiстер 64,15 млрд теңге;

- өзге де кiрiстер 63,91 млрд теңгенi құрады.

Осылайша, 2021 жылдың басынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшерi 488,52 млрд.теңге. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлiнген БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi инфляция 2,7% болған кезде 3,8% жеттi.

Эмитенттер көрсетiлген қаржы құралдарының инвестициялық портфелiнiң егжей-тегжейлi құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

Инвестициялық портфельдi басқарушылар

"Jýsan Invest" АҚ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерi 1,2 млрд теңгенi құрады. Оларға ҚР Қаржы министрлiгiнiң МБҚ (26,09%), ҚРҰБ ноттары (портфельдiң 27,28%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары портфельдiң 46,36%, қалған активтер инвестициялық шоттарда ақша қаражатында (0,27%) сақталды. Портфельдiң 53,64%-ы теңгеде, 46,36%-ы АҚШ долларында. 15.03.2021ж. бастап 30.04.2021ж. дейiнгi кезең iшiнде есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi 30,24 млн теңгенi құрады Инвестициялық қызмет нәтижесiнде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 3,69% болды.

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерi 1 мамырда 751,2 млн теңгенi құрады. Портфельдiң құрылымында керi РЕПО операциялары (73,42%), ЕДБ облигациялары (6,71%), шетелдiк эмитенттердiң үлестiк құралдары (19,73%) және шоттардағы ақша қаражаттары бар. Ұлттық валютада портфельдiң 80,27%, ал АҚШ долларында 19,73% номиналданған. 15.03.2021ж. бастап 30.04.2021ж. дейiнгi кезең iшiнде есептелген инвестициялық табыстың мөлшерi 5,01 млн теңге, осы кезең iшiндегi зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 0,8% құрады.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерi 540,54 млн теңгенi құрады. Олар ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының облигацияларына (16,65%), ҚР ЕДБ облигацияларына (10,66%), пайларға (ETF индекстерге) (28,34%), шетелдiк эмитенттердiң акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (17,29%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражаттарына (5,04%) бөлiнген. Ұлттық валютада портфельдiң 54,3% — ы, АҚШ долларында 45,7% — ы номиналданған. 15.03.2021 жылдан бастап 30.04.2021 жылға дейiнгi кезеңде есептелген инвестициялық табыс мөлшерi 5,02 млн теңге, осы кезеңдегi зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 1,26 млн теңге болды.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi 337,35 млн теңгенi құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (79,3%), РЕПОҒА (20,47%) және инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражатқа инвестицияланған. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргiзiлдi. 01.04.2021 жылдан бастап 30.04.2021 жылға дейiнгi кезеңде есептелген инвестициялық табыстың мөлшерi 2,64 млн.теңгенi құрады. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi нәтижесiнде зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi 0,87% құрады.

Әрбiр ИПБ-ның қаржы құралдарының инвестициялық портфелiнiң эмитенттер көрсетiлген егжей-тегжейлi құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
10 июня 2021