Кепiлдi өтемнiң талап етiлмеген сомалары ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шоттарға аударылады

2021 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепiлдiк беру қорының (ҚДКБҚ) талап етiлмеген кепiлдi өтем сомаларын ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есепке алу үшiн БЖЗҚ-ға аудару тәртiбiн белгiлейтiн «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономикалық өсудi қалпына келтiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданысқа енгiзiледi.

Егер депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болған және барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиядан айырылған депозит салымшысы кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу басталған күннен бастап бiр жыл iшiнде ҚДКБҚ-ға жүгiнбесе, онда ҚДКБҚ кепiлдi өтемнiң талап етiлмеген сомасын ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға есепке жатқызу үшiн БЖЗҚ-ға аударады.

Бұл 2021 жылғы 1 мамырдан кейiн басталған жаңа сақтандыру жағдайларына (банктi лицензиядан айыру) қатысты, сондай-ақ банктердiң төлемдер жүргiзiлiп жатқан салымшыларына қолданылады– олар үшiн кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу мерзiмi 2022 жылғы 1 мамырға дейiн ұзартылады.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ны автоматты түрде (өтiнiш бермей) ашу үшiн БЖЗҚ-ға алғаш рет түскен:

-салымшы-жеке тұлғадан өз табысы есебiнен өз пайдасына немесе салымшыдан (жеке/заңды тұлғадан) алушының пайдасынаерiктi зейнетақы жарнасы;

- ҚДКБҚ-дан кепiлдi өтемнiң талап етiлмеген сомасынегiз болып табылады.

Бұл ретте пайдасына төлемдер жүргiзiлетiн жеке тұлғаны сәйкестендiру төлем тапсырысының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күнi) бойынша жүзеге асырылатын болады, ал барлық қажеттi мәлiметтер: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелерi туралы, тұрақты тұратын жерi туралы, өзге де мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың тиiстi ақпараттық жүйелерiнен алатын болады.

Егер азаматтың БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-сы бұрыннан ашылған болса, онда кепiлдiк берiлген өтемнiң талап етiлмеген сомасы осы шотқа есептелетiн болады.

ЖЗШ-ға есептелген кепiлдiк берiлген өтемнiң талап етiлмеген сомалары ЕЗЖ-ның басқа сомалары сияқты тәртiпте инвестицияланатынын атап өткен жөн.

БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтары бар адамдар оларды 50 жасқа толған кезде, мүгедектiк туындаған кезде, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар ретiнде тұрақты тұруға кеткен кезде алуға құқылы.

Жоғарыда көрсетiлген жағдайлар басталғанға дейiн талап етiлмеген соманы қайтару үшiн салымшы «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Заңға сәйкес ҚДКБҚ-ға өтiнiш жасай алады. ҚДКБҚ өз кезегiнде БЖЗҚ-ға хабарлама жiбередi және қайтару жүргiзiледi. Бұл ретте, егер БЖЗҚ салымшысының ЕЗЖ бойынша шоты автоматты түрде ашылып, ҚДКБҚ-ға қайтарылғаннан кейiн қаражат қалмаса, онда ол бiр айдан кейiн автоматты түрде жабылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
10 июня 2021