Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 142 миллиардтан аса соманы қайтарды

2021 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшiн пайдалануға берген 292 520 өтiнiшiн орындады. Уәкiлеттi оператор — банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 1,4 трлн теңге аударды. Бiржолғы зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы 4,7 млн теңгеден аса соманы құрады.

Орындалған өтiнiштердiң ең көбi Маңғыстау облысының (16,7%), Алматы қаласының (16,4%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,0%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» бөлiмiнде салымшылардың бiржолғы зейнетақы төлемдерiн қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлi ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңiрлер бөлiнiсiнде де берiлген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған бiржолғы зейнетақы төлемдерi» және тиiсiнше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған бiржолғы зейнетақы төлемдерi» шағын бөлiмдерi).

Қазiргi уақытта зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн пайдалануға өтiнiштердi қабылдайтын уәкiлеттi операторлар «Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ, «Қазақстан Халық банкi» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ болып табылады.

Айта кетейiк, уәкiлеттi операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтiнiш берушiнiң өтiнiшi және өзге де себептер бойынша 141,3 млрд теңге қайтарылды, себебi, қазақстандықтар бiржолғы зейнетақы төлемдерiн белгiленген мерзiмде пайдаланбаған.

Бұған қоса, БЖЗҚ-ға емделуге барлығы 10 013 өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде шамамен 6,4 млрд теңгеге 6626 өтiнiш орындалды, орташа сомасы — шамамен 1 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкiлеттi оператордан («Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ) 1,4 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтiнiш берушiнiң өтiнiшi және өзге де себептер бойынша белгiленген мерзiмде пайдаланылмаған. Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөнiндегi өзектi статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» — «Емделуге берiлетiн бiржолғы зейнетақы төлемдерi» бөлiмiнен танысуға болады.

Салымшы сұратқан зейнетақы жинақтарының сомасы БЖЗҚ-дан уәкiлеттi оператордағы арнайы шотқа аударылғаннан кейiн бұл қаражаттың инвестициялық басқарудан алынатынына, демек, оған инвестициялық табыстың есептелмейтiнiне назар аударғымыз келедi.

Бұдан басқа, арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейiн ескере отырып, олардың сақталуы бойынша мемлекеттiң заңда көзделген кепiлдiгi қолданылмайды. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан төленетiн бiржолғы зейнетақы төлемдерiнiң сомаларынан салымшы таңдаған және оның өтiнiшiнде көрсетiлген тәсiлге сәйкес жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу және ұстап қалу жүргiзiледi.

Жалпы алғанда, салымшылар жалпы сомасы 142,7 млрд теңгеге 40 718 өтiнiштi (тұрғын үй/емделу) қайтарды. Осыған орай, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару, инвестициялық табыс пен мемлекет кепiлдiгiн жоғалту, сондай-ақ, ЖТС-ты мерзiмiнен бұрын есептеу жағдайларын болдырмау үшiн салымшыларға бiржолғы зейнетақы төлемдерiн пайдалануды жауапкершiлiкпен әрi мұқият жоспарлауды ұсынамыз. Зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растау үшiн қажеттi құжаттардың тiзiмiн өтiнiм бергенге дейiн мұқият зерделеп, оларды уәкiлеттi операторға уақытылы ұсынуды қамтамасыз еткен жөн.

Инвестициялық портфельдi басқарушыларға ағымдағы жылдың 27 мамырындағы жағдай бойынша 3,6 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды. БЖЗҚ келiп түскен 2138 өтiнiштiң 1649-ын орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,2 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенiмгерлiк басқаруға беру бойынша егжей-тегжейлi статистика да enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» — «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға сенiмгерлiк басқаруға беру» бөлiмiнде жарияланып отырады.

Қазiргi уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқару туралы төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Сiз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» — «Инвестициялық портфельдi басқарушылар тiзiлiмi» бөлiмiнен көре аласыз.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерiн алғаннан кейiн ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру қағидаларында көрсетiлген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшiн комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шектi шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5%-нан аспауы тиiс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекiтедi және ол жылына бiр рет қана өзгеруi мүмкiн.

Салымшы зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн Ұлттық Банктiң басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейi ескерiлiп отыратын сақталу кепiлдiгi қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттiк кепiлдiк басқарушы компанияның зейнетақы активтерiнiң ең төменгi кiрiстiлiк деңгейiн қамтамасыз ететiн кепiлдiгiмен алмастырылады. Кiрiстiлiктiң ең төменгi деңгейi нарықта әрекет ететiн ИПБ-ның басқаруына берiлген зейнетақы активтерiнiң орташа алынған кiрiстiлiгiн негiзге ала отырып есептелiнедi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
10 июня 2021