Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «БЖЗҚ» АҚ карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың 01 маусымнан 30 маусымға дейiн «БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығының мынадай жұмыс кестесiн хабарлайды:
жұмыс күндерi сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi.
Корпоративтiк www.enpf.kz сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp пен Viber чат-боты және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ ресми парақшалары арқылы кеңес алу мүмкiндiгi Байланыс орталығының жұмыс кестесiне ұқсас болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).