Портал арқылы Egov.kz:
1. Порталда авторизациядан өтiңiз
2. Iздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн медициналық ұйымға тiркелу" қызметiн табыңыз"
3. Қызметтi онлайн сұраңыз
4. Емхана мен дәрiгердi таңдаңыз
5. Мекен-жайы мен байланыс мәлiметтерiн көрсетiңiз
6. ЭЦҚ көмегiмен сұранымға қол қойыңыз
7. Қызмет нәтижелерi жеке кабинетте көрсетiлетiн болады.
Телеграм бот арқылы @Kenes1414Bot:
1. Телеграм мессенджерiнде @Kenes1414Bot табыңыз
2. Телеграм ботты iске қосыңыз, "қызметтер" ашыңыз"
3. "Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тiркелу" батырмасын басыңыз"
4. Қызметтi кiмге қабылдайтыныңызды көрсетiңiз (өзiңiзге / балаға)
5. Мекенжай деректерiн растаңыз және емхананы таңдаңыз
6. Әрi қарай, бот тiркелу себебiн және дәрiгердiң деректерiн сұрайды
7. Растау кодын енгiзiңiз
8. Телеграм-бот сiздiң өтiнiшiңiздiң нөмiрiн және көрсетiлген қызметтiң мәртебесiн көрсетедi.
Емхана арқылы:
Жеке куәлiгiңiзбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тiркеу бөлiмiне хабарласыңыз. Емханаға тiркелу туралы өтiнiш жазыңыз.
Қызмет көрсету мерзiмi-1 жұмыс күнi.
Маңызды: тiркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеушi дәрiгердiң аты-жөнiн бiлу қажет. Тiркелу кезiнде сiз автоматты түрде алдыңғы емханадан кетесiз.