Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің сапалы жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрықтың 14-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 1-қосымша |
"Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамаларын, оның ішінде олардың шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерден тұратын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген қосылған жағдайда порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Өтініш портал арқылы жіберіледі және МЖК ААЖ-ға 3 (үш) минут ішінде келіп түседі.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" 12 минут ішінде жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік жер кадастрынан алынған мәліметтер болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастрынан алынған мәліметтер портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| "Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | ||
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | ||
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 15 минут. | ||
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толықтай автоматтандырылған). | ||
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік жер кадастрынан алынған мәліметтер. | ||
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. | ||
| 7 | Жұмыс кестесі | Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналасқан. |
||
| 8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным жолдайды. | ||
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер | Жоқ. | ||
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
||
| "Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
||||
| Нысан | ||||
Мемлекеттік жер кадастрынан алынған мәлімет № __________
| ___жылғы "___" ____________ |
Өтініш беруші: Заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі
Жер учаскесі бойынша кадастрлық ақпарат:
| Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Орналасқан жері, мекенжайының тіркеу коды (бар болса) | Алаңы (гектар) | Нысаналы мақсаты | Бөлінуі | Орташа өлшенген бонитет балы |
Жер учаскесінің бөліктері: (бар болса)
| Р/с № | Бөліктің типі | Бөлік нөмірі | Алаңы (гектар) | Нысаналы мақсаты |
Тіркелген құқықтар:
| Р/с № | Бөлік нөмірі (бар болса) | Құқық түрі | Мерзімі | Аяқталатын күні | Мәртебесі | Құқықтың туындауына негіз құжаттар | Құқықтың тоқтатылуына негіз құжаттар |
| Тақырыбы, сериясы, нөмірі, күні және құжатты берген орган | Тақырыбы, сериясы, нөмірі, күні және құжатты берген орган (барболса) | ||||||
Сәйкестендіру құжаттары:(бар болса)
| Р/с № | Жеке басын куәландыратын құжат |
| Тақырыбы, сериясы, нөмірі, күні және құжат берген орган |
Пайдалануға шектеулер және ауыртпалықтар:(бар болса)
| Р/с № | Пайдалануға шектеулер және ауыртпалықтар | Іс-қимылдың басталған күні |
Экономикалық сипаттамалары:(бар болса)
| Р/с № | Экономикалық сипаттама түрі | Сома (теңге) |
Сапалық сипаттамалары:(бар болса)
| Р/с № | Алқаптың кіші түрі | Алқаптың алаңы (гектар) | Нақтылау жылы | Бонитет балы |
Кадастрлық нөмірдің өзгеруі(бар болса):
| Нөмірі | Өзгеру түрі | Кадастрлық нөмірдің өзгеруіне негізделген құжат туралы ақпарат |
| Тақырыбы, сериясы, нөмірі, күні және құжат берген орган |
Ескертпе: Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтте жарамды болып табылады.
| "Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік жер кадастрынан алынған кадастрлық мәліметтер № ________
Өтініш беруші:__________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Бірыңғай мемлекеттік жер кадастрында тіркелген жер учаскелері туралы ақпарат жоқ.
Ескертпе: Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтте жарамды болып табылады.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 2-қосымша |
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) жер учаскесі – 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
4) кадастрлық (бағалау) құн – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалдау құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
5) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамаларын, оның ішінде олардың шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;
7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
8) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
2) жер учаскесін таңдау актісінің және (немесе) орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін).
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жолдайды.
Елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша өтініш келіп түскен жағдайда, елді мекеннің шекаралары мен бағалау аймақтары бекітілген жағдайда, 4 (төрт) минут ішінде жұмыстарды жүргізуге қажетті құжаттардың бар-жоғы тексеріледі, 10 (он) минут ішінде кестелер мен қабаттардан (елді мекен шекаралары, бағалау аймақтары және басқа анықтамалықтар) ақпарат жинау жүргізіледі, 10 (он) минут ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін әзірлеу жүзеге асырылады, ары қарай 6 (алты) минут ішінде порталда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісіне қол қойылады.
Елді мекеннің шекаралары мен бағалау аймақтары бекітілмеген жағдайда, сонымен қатар елді мекен шегінен тыс орналасқан жер учаскелері бойынша өтініш келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және дайындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ) өтініш жолдайды.
ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде сұраным бойынша көрсетілетін қызметті орындауға жауапты қызметкерді айқындайды. Көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ қызметкері 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша) және 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (елді мекендер шегінен тыс орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға берілетін жер учаскелері бойынша) қабылданған құжаттарды тіркейді, МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі ҚБ-сынан мұрағат істерін (мұрағаттан), (жер-кадастрлық істерін, топырақ, геоботаникалық тексеру және басқа материалдарын) сұратады, түзету коэффициентінің есептемесін жасайды, кадастрлық (бағалау) құнын айқындап ҚБ басшысымен келістіреді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт дайындайды. Дайындалған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ қызметкері 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | ||
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | ||
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша, елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болған жағдайда 30 (отыз) минутты, олар болмаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күнін, елді мекендер шегінен тыс, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығына пайдалану мақсаттары үшін берілетін жер учаскелері бойынша 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды. | ||
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). | ||
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. | ||
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген 18, 19 және 20-параграфтарға сәйкес мөлшерде есептеледі. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. |
||
| 7 | Жұмыс кестесі | Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www. gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналасқан. |
||
| 8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі | 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным; 2) жер учаскесін таңдау актісінің және (немесе) орналастыру схемасының электрондық көшірмесі; 3) ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін). |
||
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Жер учаскесінің кадастрлық бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
||
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. | Көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
||
| "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
||||
| Нысан | ||||
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі № Акт определения кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка
Өтініш беруші/Заявитель: ______________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды
тұлғаның атауы)/(фамилия, имя, отчество физического лица
(при его наличии) или наименование юридического лица)
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса)
Кадастровый номер земельного участка (при его наличии):
__________________________________________________________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты:
Целевое назначение земельного участка:
__________________________________________________________________________
Жер учаскесінің орналасқан жері:
Местоположение земельного участка ______________________________________
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының есептемесі/Расчет кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка.
| Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлеріне), алқап түрлері, топырақтың үлгісі (ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлер үшін) Номер зоны (для земель населенных пунктов), виды угодий, типы почв (для земель сельскохозяйственного использования) |
Ауданы, га Площадь, га |
Жер үшін төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге Базовая ставка платы за землю, тенге |
Түзету коэффициенті Поправочный коэффициент |
Кадастрлық (бағалау) құны, теңге Кадастровая (оценочная) стоимость, тенге |
| Жиыны/ Итого |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны: _______________________ құрайды
(сомасы жазумен)
Кадастровая (оценочная) стоимость земельного участка составляет:
__________________________________________________________________________
(сумма прописью)
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын _____________________________
______________________________________________________________ айқындады.
(ұйымның атауы)
Кадастровая (оценочная) стоимость земельного участка определена
__________________________________________________________________________
(наименование организации)
Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы/Электронная цифровая подпись руководителя.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 3-қосымша |
"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
4) жер учаскесі – 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге арналған өтініш;
2) электрондық жерге орналастыру жобасы.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды өтінішті қабылдаған күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын адам өтінішті қабылдаған күні құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жұмыс үшін береді. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті беруші басшысының жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрығын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты дайындайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітеді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті беруші басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі бұйрықты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркеуді жүзеге асырады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 151-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан | |
| (Кімге) __________ басшысына (жергілікті атқарушы органның атауы) (кімнен) _________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________ не заңды тұлғаның толық атауы, ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________ жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке ____________________________ басын куәландыратын құжаттың деректемелері, ____________________________ байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің ____________________________ мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты ____________________________ мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) |
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге арналған өтініш
| Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші – аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы | Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш білдіруші жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы | Жерге орналастыру жобасының атауы | Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері) | Жер учаскесінің сұралып отырған нысаналы мақсаты және алаңы, гектар | Жерге орналастыру жобасы даналарының саны, жер комиссиясы хаттамасының нөмірі мен күні | Төмен тұрған жергілікті атқарушы органның шешімі, нөмірі мен күні |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жерге орналастыру жобасы мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда әзірленді.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Күні 20__жылғы "___"______
Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты,
әкесінің аты (бар болса) тегі, көрсетілетін қызметті
алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту"мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | |||
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | |||
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 4 (төрт) жұмыс күні. | |||
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық. | |||
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. | |||
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. | |||
| 7 | Жұмыс кестесі | Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) порталда орналасқан. |
|||
| 8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге арналған өтініш; 2) электрондық жерге орналастыру жобасы. |
|||
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 151-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
|||
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777. |
|||
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 4-қосымша |
|||||
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
3) жер комиссиясы –жер учаскесіне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабына сәйкес құрылатын, жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган;
4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
5) жер учаскесі – Кодекске сәйкес жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;
7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және оларды өтінішті қабылдаған күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және жер өз құзыреті шегінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге учаскесінің мақсатын өзгерту туралы өтініш жібереді. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге бір мезгілде келісуге жолдайды. Келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар береді. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның немесе сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты қызметкері материалдарды жер комиссиясының қарауына дайындайды. Жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін әзірлейді.
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.
14 Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында тиісті шешім жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Кодекстің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес келісім туралы сұранымға келісуші органдардың теріс қорытындысы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан | |
| _______________________ әкімі (облыс, қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) ____________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі ____________________________ не заңды тұлғаның толық атауы, ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі, ___________________________ жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке ____________________________ басын куәландыратын құжаттың деректемелері, ____________________________ байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің ____________________________ мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты ____________________________ мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған өтініш
Сізден маған жеке меншік (жер пайдалану) құқығында тиесілі, ________________
_______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан, алаңы
______________________ гектар, кадастрлық нөмірі ___________________________
жер учаскесінің нысаналы мақсатын ___________________________________________
______________________________________________________________ байланысты
(жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту себебін көрсету)
_______________________________________________________ нысаналы мақсатынан
______________________________ нысаналы мақсатына өзгертіп беруіңізді сұраймын.
Құқық белгілейтін құжаттың № ______, берілген күні 20 ___ жылғы ___________,
Сәйкестендіру құжатының № ________, берілген күні 20___ жылғы ___________,.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші______________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты,
әкесінің аты (бар болса) тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20 ___ жылғы "____"______________
| "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | |||
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | |||
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 13 (он үш) жұмыс күні. | |||
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық. | |||
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. | |||
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. | |||
| 7 | Жұмыс кестесі | Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www. gov.kz интернет-ресурсында; 2) порталда орналасқан. |
|||
| 8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі. |
|||
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Кодекстің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес келісім туралы сұранымға келісуші органдардың теріс қорытындысы. |
|||
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777. |
|||
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 5-қосымша |
|||||
"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) жер учаскесі – 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;
2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасының) электрондық көшірмесі;
3) іздестіру жұмыстарын орындауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды өтініш қабылданған күні басшыға не оны алмастыратын адамға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам өтініш қабылданған күні құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулының жобасын дайындайды және материалдарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан уәжді бас тарту дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған материалдардың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы қабылдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері бір күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына жауапты қызметкерді дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан | |
| __________________________ әкімі (облыс, қала, аудан,) ____________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, ___________________________ не заңды тұлғаның толық атауы, ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі, ____________________________ жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке ___________________________ басын куәландыратын құжаттың деректемелері, ____________________________ байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің ____________________________ мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты ____________________________ мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) |
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш
______________________________________________________________ бойынша
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)
орналасқан, алаңы ____________, _________________________________ жер учаскесін
(алқап түрін көрсету)
жұмыстарды жүргізу кестесімен _____________________________________ мерзімге
__________________________________________________________________________
(іздестіру жұмыстарын жүргізудің негізін көрсету)
негізінде жүргізілетін _______________________________________________________
(іздестіру жұмыстарының түрі мен мақсатын көрсету)
іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беруіңізді өтінемін.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскесін пайдалану жөніндегі талаптарды қабылдауға міндеттенемін
_________________________________________________________________________.
(келісу)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші _________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі,
қолы, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20__ жылғы "____"__________
| "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | ||
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | ||
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні. | ||
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық. | ||
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі (қаулысы) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. | ||
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. | ||
| 7 | Жұмыс кестесі | Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.moa.kz интернет-ресурсында; 2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналасқан. |
||
| 8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш; 2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасының) электрондық көшірмесі; 3) іздестіру жұмыстарын орындауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі. |
||
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
||
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай телефондары: 1414, 8 800 080 7777. |
||
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 6-қосымша |
||||
"Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
3) жер учаскесі – 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесін иеленуші немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу теңгерімі;
5) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскесінің сандық және сапалық сипаттамаларын, оның ішінде оның шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;
8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
9) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы немесе жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну жолымен (көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну – мәліметтерінде мемлекеттік құпиялар қамтылатын жер учаскелерін ресімдеу жағдайында) мыналарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне арналған актіні беру туралы өтініш, портал арқылы жүгінген кезде сұраным көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі;
2) тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі, порталға жүгінген кезде электрондық көшірмесі (құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексеру үшін);
4) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына, 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі ̶ уәкілетті орган) бұйрығымен бекітілген және жобаланып отырған МЖК ААЖ-ның графикалық деректерімен келісімі бар жерге орналастыру жобасы, порталға жүгінген кезде электрондық көшірмесі (құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексеру үшін);
5) жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар, порталға жүгінген кезде электрондық көшірмесі (құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексеру үшін);
6) жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жерде шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар, порталға жүгінген кезде электрондық көшірмесі (құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексеру үшін);
7) жер учаскесін сатып алу-сату (жалдау) шартының көшірмесі (жер учаскесін сату (жалдау) кезінде), порталға жүгінген кезде электрондық көшірмесі (құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексеру үшін);
8) жүргізілген жер учаскесін сатып алу (мемлекет жер учаскесін сатқан кезде, жер учаскесін жалдау құқығын сатып алған кезде) бағасын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін ̶ төлем тапсырмасы), порталға жүгінген кезде электрондық көшірмесі (құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексеру үшін);
9) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек), порталға жүгінген кезде ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, электрондық көшірмесі.
Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті осы тармақтың 1), 2), 3), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді.
Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті осы тармақтың 1), 2), 3), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді.
Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне арналған актіні ауыстыру кезінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті осы тармақтың 1), 2), 3), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген материалдар, порталға жүгінген кезде электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған кезде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат өзгерген жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне арналған актіні ауыстыру кезінде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар осы тармақтың 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін береді, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған кезде осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген материалдар, порталға жүгінген кезде электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тексеруді, оларды құжаттар келіп түскен күні тіркеуді 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының қызметкері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкеріне (маманына) құжаттар келіп түскен күні береді. Көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкері (маманы) оларды дайындайды және курьер арқылы 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне береді. Қызметкер 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді, жер учаскесін МЖК ААЖ деректер базасымен сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау бөлімінен (мұрағаттан) түгендеу жер-кадастрлық істерді сұратады, оларға материалдарды тіркейді, тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, кадастрлық нөмір береді және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізеді. Қызметкер 1 (бір) жұмыс күні ішінде тексереді, атрибутивтік және графикалық деректерді МЖК ААЖ дерекқорына енгізеді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және оны бөлім басшысымен келістіреді. Бөлім қызметкері 30 (отыз) минут ішінде сәйкестендіру құжатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде сәйкестендіру құжатын тексереді және қол қояды. Құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 1,5 (бір жарым) сағат ішінде сәйкестендіру құжатын тіркейді. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды тексереді және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне келіп түскен құжаттарды қабылдау туралы мәртебе немесе уәжді бас тарту жібереді. Жер учаскесіне арналған акт портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында 15 (он бес) минут ішінде жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 2 (екі) сағат ішінде беру секторына жолдайды. Талон негізінде және жеке куәлікті және (немесе) сенімхатты көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне арналған акт болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызмет нәтижесін көрсетілген мерзімде алуға жүгінбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды беру үшін бір айдың ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды жүйелендіру және құжаттарды сақтау (техникалық мұрағат) бөліміне әрі қарай сақтау үшін жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған болуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан | |
| _________________________ басшысы (кадастрды жүргізетін ұйымның атауы) ____________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________ немесе заңды тұлғаның толық атауы, ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру ____________________________ нөмірі, жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің ____________________________ жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, ____________________________ байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің ____________________________ мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тіркелген ____________________________ |
|
| мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) |
Жер учаскесіне арналған актіні дайындау және беру туралы өтініш
_____________________________________________________________ үшін берілген,
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне
______________________________________________________ құқығына арналған акт
(құқық түрін көрсету)
беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Күні ___________________
Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің
_________________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңба)
| "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) | |||
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
|||
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 6 (алты) жұмыс күні. | |||
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық және (немесе) қағаз түрінде (ішінара автоматтандырылған). | |||
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Жер учаскесіне арналған акт не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. | |||
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген 28-параграфқа сәйкес мөлшерде есептеледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. |
|||
| 7 | Жұмыс кестесі | 1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналасқан. |
|||
| 8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | 1) өтініш; 2) тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі; 4) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына, 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі ̶ уәкілетті орган) бұйрығымен бекітілген және жобаланып отырған жер учаскесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісімі бар жерге орналастыру жобасы; 5) жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар; 6) жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жерде шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар; 7) жер учаскесін сатып алу-сату (жалдау) шартының көшірмесі (жер учаскесін сату (жалдау) кезінде); 8) жүргізілген жер учаскесін сатып алу (мемлекет жер учаскесін сатқан кезде, жер учаскесін жалдау құқығын сатып алған кезде) бағасын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін ̶ төлем тапсырмасы); 9) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті осы тармақтың 1), 2), 3), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті осы тармақтың 1), 2), 3), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне арналған актіні ауыстыру кезінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті осы тармақтың 1), 2), 3), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген материалдар қоса беріледі. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған кезде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат өзгерген жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне арналған актіні ауыстыру кезінде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар осы тармақтың 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін береді, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған кезде осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген материалдар қоса беріледі. |
|||
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған болуы. |
|||
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда не бір рет қолданылатын пароль арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
|||
| "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|||||
| Нысан | |||||
| ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, ____________________________ әкесінің аты (бар болса), тегі не ____________________________ ұйымының атауы, мекенжайы) |
|||||
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету) құжаттар топтамасын толық және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, атап айтқанда:
(жоқ құжаттардың атауы:)
1) ____________________________________________________________________;
2) ____________________________________________________________________.
ұсынбауыңызға байланысты "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішіңізді қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Телефон (бар болса) ________________________________________________________
Алдым: ___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алуышының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "___" _________
| "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Кәсіпорының атауы Наименование предприятия
Жер учаскесіне арналған акт №_______ Акт на земельный участок №_______
| 1. | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі/ Кадастровый номер земельного участка |
______________________________ |
| 2. | Жер учаскесінің мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды* Адрес земельного участка, регистрационный код адреса* |
______________________________ ______________________________ |
| 3. 4. |
Жер учаскесіне құқығы Право на земельный участок Аяқталу мерзімі мен күні ** Срок и дата окончания ** |
______________________________ ______________________________ ______________________________ |
| 5. | Жер учаскесінің алаңы, гектар *** Площадь земельного участка, гектар *** |
______________________________, |
| 6. | Жердің санаты Категория земель |
______________________________ ______________________________ |
| 7. | Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Целевое назначение земельного участка |
______________________________ ______________________________ |
| 8. | Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар Ограничения в использовании и обременения земельного участка |
______________________________ ______________________________ |
| 9. | Бөлінуі (бөлінеді/бөлінбейді) Делимость (делимый/неделимый) |
______________________________ ______________________________ |
Ескертпе:
* Мекенжайдың тіркеу коды болған жағдайда көрсетіледі.
** Аяқталу мерзімі мен күні уақытша жер пайдалану кезінде көрсетіледі.
*** Қосымша жер учаскесінің үлесі бар болған жағдайда көрсетіледі.
Примечание:
* Регистрационный код адреса указывается при наличии.
** Срок и дата окончания указывается при временном землепользовании.
*** Дополнительно указывается доля площади земельного участка при наличии.
Жер учаскесінің жоспары План земельного участка
| Жер жоспары План участка Масштаб 1:______ |
Сызықтардың өлшемін шығару Выноска мер линий
| Бұрылысты нүктелердің № № поворотных точек |
Сызықтардың өлшемі Меры линий |
Аралас учаскелердің кадастрлық нөмірлері (жер санаттары) Кадастровые номера (категории земель) смежных земельных участков
| Бастап От |
Дейін До |
Сипаттамасы Описание |
Жоспар шекарасындағы бөгде жер учаскелері Посторонние земельные участки в границах плана
| Жоспардағы № № на плане |
Жоспар шекарасындағы бөгде жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері Кадастровые номера посторонних земельных участков в границах плана |
Алаңы, гектар Площадь, гектар |
Осы актіні ____________________________________________________ жасады
(жер кадастрын жүргізетін ұйымның атауы)
Настоящий акт изготовлен _____________________________________________
(наименование организации, ведущей земельный кадастр)
Мөрдің орны _____________ ___________________________________________
Место печати (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
(подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Актінің дайындалған күні 20 ___жылғы "___" __________
Дата изготовления акта "___" ___________ 20 ___ года
Осы актіні беру туралы жазба жер учаскесіне меншік құқығына, жер пайдалану
құқығына арналған актілер кітабына № _________________________________
болып жазылды.
Запись о выдаче настоящего акта произведена в книге записей актов на
право собственника на земельный участок, право землепользования за
№ __________________________________
Ескертпе:
*Шектесулердің сипаттамасы жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау сәтіне жарамды.
Примечание:
*Описание смежеств действительно на момент изготовления идентификационного документа на земельный участок.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 7-қосымша |
"Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі ̶ мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
3) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскесінің сандық және сапалық сипаттамаларын, оның ішінде оның шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, электрондық көшірмесі.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тексеруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жолдайды.
Қызмет берушінің қызметкері жер учаскесінің сапалық жай-күйін анықтау үшін қабылданған құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде жерді зерттеп-қараумен айналысатын құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жолдайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2021 № 95 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді беру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ-ның жауапты орындаушысына жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ-ның жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жер учаскесін МЖК ААЖ дерекқоры бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағат) мүкәммалдық жер-кадастрлық істерді сұратады, қолда бар топырақтық, топырақтық-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеп-қарау материалдарын, топырақты бонитирлеу материалдарын іріктейді, жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына тексеруге жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тексеруге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ басшысы 1 (бір) сағат ішінде құжатты тексереді, оған қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тексереді, оған қол қояды және 6 (алты) сағат ішінде оны портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында жолдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | ||
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | ||
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні | ||
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). | ||
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. | ||
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген 21-параграфқа сәйкес мөлшерде есептеледі. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. |
||
| 7 | Жұмыс кестесі | Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым беру және жүгіну орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналасқан. |
||
| 8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | 1) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным; 2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі; 3) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, электрондық көшірмесі. |
||
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
||
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе бір реттік пароль болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777. |
||
| "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
||||
| Нысан | ||||
Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы ақпарат Сведения о качественном состоянии земельного участка
Өтініш беруші/Заявитель
_________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)/
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица или наименование
юридического лица)
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі/Кадастровый номер земельного участка
_________________________________________________________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты/Целевое назначение земельного участка
_________________________________________________________________________
Жер учаскесінің орналасқан жері/Местоположение земельного участка
_________________________________________________________________________
Жер учаскесінің алаңы/Площадь земельного участка
_________________________________________________________________________
| Р/с № п/п |
Алқап түрлері (бар болса)/ Виды угодий (при наличии) |
Республикалық жүйелік тізім бойынша топырақ шифры/ Шифр почв по республиканскому систематическому списку |
Алаңы/ Площадь |
Топырақтың бонитет балы/ Балл бонитета почв |
Жарамдылық санаты және жерлер сыныбы/ Категория пригодности и класс земель |
Топырақтың мелиорациялық, дақылдық-техникалық жай-күйі/ Мелиоративное, культуртехническое состояние почвы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | Егістік/Пашня | |||||
| 1.1 | оның ішінде суармалы егістік/в том числе пашня орошаемая | |||||
| Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет | ||||||
| 2 | Жайылым/Пастбища | |||||
| 2.1 | оның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылым/в том числе пастбища коренного улучшения | |||||
| Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет | ||||||
| 3 | Шабындық/Сенокосы | |||||
| 3.1 | оның ішінде түбегелі жақсартылған шабындық/в том числе сенокосы коренного улучшения | |||||
| Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет | ||||||
| 4 | Тыңайған жерлер/Залежь | |||||
| 4.1 | оның ішінде суармалы тыңайған жерлер/в том числе залежь орошаемая | |||||
| Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет | ||||||
| 5 | Көп жылдық екпелер/Многолетние насаждения | |||||
| 5.1 | оның ішінде суармалы көп жылдық екпелер/в том числе орошаемые многолетние насаждения | |||||
| Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет | ||||||
| 6 | Басқа да алқаптар/Прочие угодья | |||||
| Жиыны/Итого | ||||||
Жер учаскесі бойынша орташа өлшенген бонитет балы/Средневзвешенный балл
бонитета по земельному участку.
Мәліметтерді жинақтаған/Сведения составлены:
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)/(наименование организации,
бизнес-идентификационный номер)
Күні/Дата 20___ жылғы/год "___"________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 8-қосымша |
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысандаа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық нысан бойынша өтініш;
2) неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне және неғұрлым бағалысына ауыстыру кезінде – ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласындағы аудандар мен қалалардың келісуші уәкілетті органдарының тұжырымдары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
суарылмайтын егістікті ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төмен түрлеріне ауыстыру кезінде – облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың тұжырымдары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру көзделетін жердің экспликациясы;
4) келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің өкілдері және осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иеленушілері) қол қойған, басқа ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыстыру көзделетін ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңы, пайдалану түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеп-қарау актісі және өзгеруге жататын анықталған ауыл шаруашылығы жерлері көрсетілген далалық зерттеп-қарау сызбасы;
5) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
6) суару жүйесінің, жайылма суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және 15 (он бес) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар қоюға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды. Неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру кезінде:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі және келісу нәтижелері бойынша оларды қорытындылайды, қорытындыны, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жолдайды.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жолдайды.
Суарылмайтын егістікті ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменіне ауыстырған кезде:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі және келісу нәтижелері бойынша оларды қорытындылайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жолдайды.
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, материалдарды жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 12 (екі) күн ішінде ауданның уәкілетті органына жолдайды;
3) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жолдайды.
Суарылатын егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыру кезінде:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі және келісу нәтижелері бойынша оларды қорытындылайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жолдайды;
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, материалдарды жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде орталық уәкілетті органға жолдайды;
3) жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және құжаттар топтамасын қорытындымен бірге облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жолдайды;
4) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысы негізінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұранымға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан | |
| _________________________ әкімі (қала, аудан) ____________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, ____________________________ не заңды тұлғаның толық атауы) ____________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке ____________________________ басын куәландыратын құжаттың деректемелері, ____________________________ байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің ____________________________ мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты ____________________________ мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) |
Өтініш
_________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))
___________________________________________________ мекенжайы бойынша
орналасқан, нысаналы мақсаты __________________________________________,
кадастрлық нөмірі __________________________________________, __________
_________ гектар алаңдағы ауыл шаруашылығы алқаптарын (алқап түрін көрсету)
______________________________________________________________________
(ауыстыру себебін көрсету)
байланысты бір түрден екінші түрге ауыстырып беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Күні _______________
Көрсетілетін қызметті алушы ________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | ||
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | ||
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Күнтізбелік 30 (отыз) күн. | ||
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық. | ||
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. | ||
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. | ||
| 7 | Жұмыс кестесі | Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында; 2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналасқан. |
||
| 8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне және неғұрлым бағалысына ауыстыру кезінде – ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласындағы аудандар мен қалалардың келісуші уәкілетті органдарының тұжырымдары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба; суарылмайтын егістікті ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төмен түрлеріне ауыстыру кезінде – облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың тұжырымдары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба; 3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру көзделетін жердің экспликациясы; 4) келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің өкілдері және осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иеленушілері) қол қойған, басқа ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыстыру көзделетін ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңы, пайдалану түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеп-қарау актісі және өзгеруге жататын анықталған ауыл шаруашылығы жерлері көрсетілген далалық зерттеп-қарау сызбасы; 5) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы; 6) суару жүйесінің, жайылма суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер. |
||
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұранымға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы. |
||
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777. |
||
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 9-қосымша |
||||
"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
4) жер учаскесі – 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекарада бөлінген жер бөлігі;
5) жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспары (бұдан әрі – жер-кадастрлық жоспар) – елді мекен шегінде құрылыс мақсаттары үшін берілетін жер учаскесінің жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
6) құрылыс қызметі (бұдан әрі – құрылыс) – жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;
8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалқ маңызы бар калалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
бірінші кезең:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді.
Бірінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схемасымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдайды;
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы:
7 (жеті) жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схемасымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде келісуге жібереді;
келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсынады;
табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схемасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады;
5) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және жолдайды;
6) теріс шешім болған жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауаптың жобасын дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды;
7) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде түпкілікті таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты қарайды және оған қол қояды;
8) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорация ұсынған түпкілікті таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған шотты (сметаны) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуді және оның жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуді 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы келіспеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген таңдау актісін жою үшін сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару:
1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және оны жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды;
2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды;
3) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.
Кент, ауыл, ауылдық округтер әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, бекітілген жер-кадастрлық жоспар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын қарайды және оған қол қояды;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан | |
| _______________________ әкімі (облыс, қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) ____________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________ не заңды тұлғаның толық атауы) ____________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру ____________________________ нөмірі) (жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке ____________________________ басын куәландыратын құжаттың деректемелері, ____________________________ байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің ____________________________ мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты ____________________________ мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) |
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған өтініш
______________________________________________________ мекенжайы
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))
бойынша _________ гектар алаңда орналасқан, ___________________________
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
арналған жер учаскесіне уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану құқығын
беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.)
Күні __________
Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | ||
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). | ||
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда – кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде. |
||
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық. | ||
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. | ||
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген 28-параграфқа сәйкес мөлшерде есептеледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады. |
||
| 7 | Жұмыс кестесі | Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында; 2) порталда орналасқан. |
||
| 8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Бірінші кезең: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі. Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі. |
||
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағынде, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) Кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы. |
||
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777. |
||
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығына 10-қосымша |
||||
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
2) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;
3) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
4) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарау және жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындау үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабына сәйкес құрылатын жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
6) жер учаскесі – Кодекске сәйкес белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскесінің сандық және сапалық сипаттамаларын, оның ішінде оның шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;
9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
бірінші кезең:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар);
екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттар туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді.
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде: