Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Аршалы кентi № 14/882021 жылғы 30 сәуiр

Волгодонов ауылдық округi әкiмiнiң шығып қалғанның орнына сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 36-1 бабы 2 тармақтың 4) тармақшасына, 10 тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Волгодонов ауылдық округi әкiмiнiң шығып қалғанның орнына сайлауы 2021 жылғы 09 маусымда сағат 10.00-ге (Аршалы кентi, Тәшенов көшесi, 47, мәжiлiс залы) тағайындалсын.

2.Волгодонов ауылдық округi әкiмiнiң шығып қалғанның орнына сайлауын дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

3.Әкiмге кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 10 мамырда басталады және 2021 жылғы 14 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.

4.Әкiмге кандидаттарды тiркеу барлық тиiстi құжаттарды ұсынғаннан кейiн басталады және 2021 жылдың 25 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.

5.Осы қаулы Аршалы ауданының әкiмi аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына жiберiлсiн.

6.Осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аршалы аудандық

сайлау комиссиясының төрайымыЕ. Андрух

Дата публикации
30 апреля 2021