Зейнетақы және базалық зейнетақы төлемi бойынша топ 5 сұрақтар және жауаптар

Зейнетақы жасына жақындап келетiн және зейнеткерлiк демалысқа шығуға дайындалып жүрген адамдарды, қызықтыратын сұрақтар.

1.Зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақының қандай түрлерiне құқығым бар?

Бiрiншi деңгей (базалық) — зейнетақы жүйесiнiң қатысу өтiлiне байланысты, зейнетақы жасына жеткен барлық тұлғаларға тағайындалатын, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi.

Екiншi деңгей (мiндеттi) төлемнiң екi түрiнен құралады:

1) 01.01.1998 жылға дейiн 6 айдан кем емес еңбек өтiлi болған кезде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн, жасына байланысты зейнетақы;

2) БЖЗҚ зейнетақы төлемдерi.

Зейнетақы мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жинақталған еңбек өтiлiне және зейнетақы алдындағы табысқа байланысты.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен зейнетақы төлемдерi мiндеттi зейнетақы жарналарының 10% қалыптасқан, зейнетақы жинақтары есебiнен жүзеге асырылады.

Үшiншi деңгей (ерiктi) –ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төлемдер.

Қазақстан Республикасының әрекеттегi зейнетақы заңнамасына сәйкес, азаматтарға өз жинақтарын ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен ұлғайтудың қосымша мүмкiндiгi ұсынылады, ол болашақта өз кезегiнде зейнеткерлердiң қосымша табыс көзi бола алады.

2.Еңбек кiтапшамды толтыру кезiнде кадрлар бөлiмi менiң тегiмде қате жiберген. Зейнеткерлiкке шыққанда қандай мәселелер болуы мүмкiн?

Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму Министрiнiң 2015ж 30 қарашадағы Нысанды бекiту туралы №929 Бұйрығы негiзiнде еңбек кiтапшаны толтыру және сақтау Ережелерi, тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер бар болған жағдайда) және туған жылын өзгерту туралы жазбаларды жеке куәлiк, неке туралы куәлiк, ажырасу туралы куәлiк, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктерiне сәйкес соңғы жұмыс орны өзгерте алады. Егер жұмыс орны жабылған болса, еңбек өтiлiн мұрағаттық анықтама арқылы растай алады.

3.Зейнетақыны тағайындау үшiн құжаттар тек ХҚКО тапсырыла ма?

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау» мемлекеттiк қызметiн сонымен қатар Е-gov.kz порталындағы «Электрондық өтiнiмдер» бөлiмiнде ресiмдеуге болады. Бұдан әрi қосымша бөлiмде көрсетiлген, қадамдық нұсқаулық бойынша өту қажет.

4.Зейнетақы тағайындау тәртiбi туралы бар құжаттар бойынша кеңестi алдын ала алуға бола ма?

Зейнетақы төлемдерiн тағайындау бойынша өтiнiмдер түскен кезде мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру және мерзiмiн қысқарту мақсатында «Азаматтарға арналған» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамымен зейнетақы төлемiн алдын ала есептеу мәселелерi бойынша азаматтарға кеңес беру жүзеге асырылады.

Өтiнiш берушi кеңес алу және алдын ала есептеу үшiн зейнетақы жасына жетуге дейiнгi үш ай бұрын еңбек өтiлiн растайтын, құжаттармен бiрге «Азаматтарға арналған» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалының әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмiне жүгiне алады.

5.Мемлекеттiк кепiлдiк деген не?

Заңның 5 б. 1 т. сәйкес мемлекет алушыларға мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының зейнетақы жасына жету сәтiндегi инфляция деңгейiн есепке ала отырып, бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының iс жүзiндегi мөлшерiнiң сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнеткерлерге инфляция деңгейiн есепке ала отырып, енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының iс жүзiндегi соммасы және зейнетақы жинақтары (мемлекеттiк кепiлдiк) арасындағы төлем соммасының айырмасына өтiнiш беру қажет емес, себебi мемлекеттiк қызмет проактивтi қағида бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар әлеуеттi зейнеткердiң қате әлеуметтiк жеке кодын тексерудi жою және егер қате ӘЖК мiндеттi зейнетақы жарналары болса, дұрыс ӘЖК одан әрi бiрiктiру үшiн жүзеге асыру қажет. Аталмыш әрекет жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде қатысу өтiлi есепке алынатын, базалық зейнетақы төлемiн дұрыс есептеу және инфляция деңгейiн есепке ала отырып, енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының iс жүзiндегi соммасы және зейнетақы жинақтары (мемлекеттiк кепiлдiк) арасындағы төлем соммасын дұрыс есептеу үшiн қажет.

Дата публикации
22 апреля 2021