Параграф 1. Бюджет процесінің қысқаша сипаттамасы
Заңнамалық база
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық бюджетін қалыптастырып, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында айқындалған тәсілдерге негізделді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген.
Ауыл бюджеті шығындардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасын ескере отырып, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес құрылады.
Бюджет кодексінде қолданылатын негізгі ұғымдар:
бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры; бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы; бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi; бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар; бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi; бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган; бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар; бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар; есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл; жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы; кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл; қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі; мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган; бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет; нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет; Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі.
Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
1.2 Бюджеттік процестің сызбасы
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы аумақты дамытудың тиісті бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. Бюджеттік нақтылау – жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.
Аудандық бюджетті атқару барысында бюджеттік кодексіне сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Аудан бюджетін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.
Секвестр бюджет – қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі. бюджетті түзету - төлемдер түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жергілікті атқарушы органның қаулысымен басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту есепті қаржы жылына арналған міндеттемелер; Бюджеттік мониторинг – міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау болып табылады. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді. қаржылық есептілік - мемлекеттік ұйымның қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады; бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есеп беру есепті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға тіркемелермен қоса ұсынады.
Параграф 2. Бюджетті жоспарлау, бекіту, нақтылау
Параграф 2. Бюджетті жоспарлау, бекіту, нақтылау
2.1 Аудандық бюджеттің кірістері мен шығыстары
Түсімдер
Ауылдық округ бюджетінің өзіндік кірістері 2021 жылы 29116,0 мың теңге, 2021 жылы - 30888,0 мың теңге, 2022 жылы - 32184,0 мың теңгені құрайды.
Жалпы, жоғары тұрған бюджеттерден берілетін мақсатты трансферттерді ескере отырып, 2021 жылға арналған аудандық бюджетке түсімдер көлемі 139 380,0 мың теңге көлемінде жоспарланған, оның 9 884,0 мың теңгесі субвенцияға және 100 380,0 мың теңгесі - мақсатты трансферттер.
| Түсімдер | 2021жылы(жоспар) | 2022жылы (жоспар) | 2023жылы(жоспар) |
| Барлығы: табыс | 139 380,0 | 41 731,0 | 44 652,0 |
| Салық түсімдер,Оның ішінде: | 28 786,0 | 29 735,0 | 31 806,0 |
| Табыс салығы | 2500,0 | 2 675,0 | 2 862,0 |
| Меншік салығы | 26 286,0 | 27 060,0 | 28 944,0 |
| Салықтық емес түсімдер | 330,0 | 353,0 | 378,0 |
| Аударымдарды қабылдау,Оның ішінде: | 139 380,0 | 11 643,0 | 12 468,0 |
| Ағымдағы нысаналы трансферттер | 100 380,0 | 0 | 0 |
| Субвенциялар | 9 884,0 | 11 643,0 | 12 468,0 |
| Бюджеттік несиелерді өтеу | 0 | 0 | 0 |
| Несиелік түбіртектер | 0 | 0 | 0 |
Жалпы сипаттағы трансферттер (субвенциялар) көлемі 2021 жылы 139 380,0 мың теңге, 2021 жылға - 11 643,0 мың теңге, 2022 жылға - 12 468,0 мың теңге құрайды.
Субвенциялар
мың тенге
| 2021 жылы(болжау) | 2022 жылы(болжау) | 2023 жылы(болжау) |
| 9 884,0 | 11 643,0 | 12 468,0 |
Ауылдық округінің бюджеттік шығындары
2021-2023 жылдардағы бюджеттік шығындар саясатының негізгі басымдықтары бір мезгілде ауылдық округ экономикасын дамытудың тиімділігін арттыруға жағдай жасай отырып, ауданның барлық әлеуметтік міндеттемелерін және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады. Шығындардың әлеуметтік басым бөлігі сақталғанын атап өту керек, бұл әлеуметтік саланы дамытуға арналған шығыстардың негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қаржылық ресурстар толық көлемде қамтамасыз етілген (жалақы төлеуге, коммуналдық қызметтер төлемдеріне, әлеуметтік төлемдерге және т.б. шығындар ескеріледі).
2021 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің шығыстарының көлемінде жалпы сомасы 100 380,0 мың теңге нысаналы трансферттер қарастырылған, оның ішінде:
Облыстық бюджеттен 100 380,0 мың теңге;
Ауылдық округ бюджетінің шығыстарының көлемі 9 405 906,0 мың теңге көлемінде қарастырылған.
2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет
| Функционалдық топ бойынша | 2021 жылы | 2022жылы | 2023 жылы |
| БАРЛЫҒЫ | 139 380,0 | ||
| Жалпы мемлекеттік кызметтер | 21 844,0 | 23 373,0 | 25 009,0 |
| Әлеуметтік көмек және қамсыздандыру | 1 906,0 | 1 633,0 | 1 747,0 |
| Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы | 3 630,0 | 3 885,0 | 4 157,0 |
| Көлік және коммунация | 112 000,0 | 12 840,0 | 13 739,0 |
Жалпы мемлекеттік қызметтер
Халыққа қызмет көрсету саласындағы ауылдық бюджеттің шығыстары ауылдық округ әкімі аппаратын ұстауға бағытталады.
2021 жылға арналған «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» саласына шығындар
мың тенге
| Атауы | 2021 жылы |
| БАРЛЫҒЫ | 21 844,0 |
| Ауылдық округінің әкімі | 218440 |
Осы бағыт бойынша шығындар көлеміне 2021 жылға 7 бірлік штатымен ауылдық округ әкімін ұстауға шығындар кіреді.
Әлеуметтікблок (әлеуметтік сала)
Ауылдық округ бюджетінің шығыстарына әлеуметтік блокқа ауылдық округ бюджетінің 2021-2023 жылдарға арналған шығыстары, әлеуметтік қызметкерді ұстауға 1 бірлік көлемінде шығындар кіреді.
Жалпы, ауылдық округ бюджетінің әлеуметтік салаға шығындары 2021 жылы 1 906,0 мың теңгені құрады.
Тұрғын үй - коммуналдық шауашылық бөлімі
Тұрғын үй-коммуналдық секторындағы негізгі стратегиялық бағыттар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, электрмен және жылумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту болып табылады.
Ауылдық округ бюджеті есебінен санитарлық тазарту, ауылдық округтің сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі бойынша шаралар қарастырылған.
Бұл бағыттағы шығындар 2021 жылға
мың теңге
| Атауы | 2021 жылы |
| Барлығы | 3630,0 |
| Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру | 1077,0 |
| Елді мекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету | 1150,0 |
| Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және тамырсыздарды жерлеу | 26,0 |
| Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру | 1227,0 |
| Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру | 150,0 |
Көлік және коммуникация
Ауылдық округ бюджетінің көлік және коммуникация саласындағы шығыстары ауылдық елді мекендегі автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалады.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі артады.
Бұл бағыттағы шығындар 2021 жылға
мың теңге
| Атауы | 2021 жылы |
| Барлығы | 112 000,0 |
| Автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету | 12 000,0 |
| Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, поселкелер, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу | 10 000,0 |
Осы бағыттағы шығындар көлеміне 2021 жылға арналған Жібек жолы ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жобасын іске асыруға 100000,0 мың теңге сомасында жоғары тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы трансферттер кіреді.
2021-2023 жылдарға арналған жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер мен бюджеттік несиелер
| Атауы | 2021 жылы | 2022 жылы | 2023 жылы |
| Барлығы | 110 264,0 | 11 643,0 | 12 468,0 |
| Мақсатты ағымдағы трансферттер | 100 380,0 | 0 | |
| Субвенциялар | 9884,0 | 11 643,0 | 12 468,0 |
Ауылдық округтің 2021 жылға арналған бюджетінде қарастырылған шаралар барлық міндеттемелерді қамтамасыз етеді, азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтай отырып және сонымен бірге ауданның одан әрі дамуына жағдай жасай отырып, экономика мен мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру.
2.3. Ауыл бюджетінің тапшылығы (профициті)
Бюджет тапшылығы - - 0 мың теңге.
2.4. Ауыл бюджетінің тапшылығын қаржыландыру
Ауыл бюджетінің тапшылығын қаржыландыру көлемі 0 мың теңгені құрайды.