Бүгiнгi күнi зияткерлiк меншiк субъектiлерiнiң құқығын қорғау мен сақтау проблемасы Қазақстан Республикасы үшiн ең өзектi және маңызды тақырыптардың бiрi болып қалып отыр. Аталған мәселенi шешу зияткерлiк әлеуеттi, мәдени мұраны, елдiң халықаралық беделiн сақтайды және арттырады, сондай-ақ қылмыстық кернеулiктi төмендетедi.
Бастапқыда жалған өнiм дайындау қызметi жекелеген кәсiпорындар шығаратын заттарға бағытталған едi, мысалы, осындай саланың өкiлдерi Louis vuitton, Hermes немесе Rolex. Алайда, соңғы жылдары жағдай қатты ушығып кеттi, себебi барлығын көшiретiн болды. Тамақ өнеркәсiбi — ерекшелiк емес, тiптi мүлдем керiсiнше. Дәрi-дәрмектермен де сондай жағдай. Немесе қосалқы бөлшектердi алыңыз. Оларды бүгiн өз ұшақтарыңызға, әуе компанияларыңызға алған жағдайда, әрдайым оның дәл түпнұсқа бөлшектерi екендiгiне сенiмдi бола алмайсыз.
Сонымен, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесi туралы» Кодексiне сәйкес, жалған дәрiлiк зат — құрамы немесе жинақталуы және (немесе) өндiрушi туралы анық емес ақпаратпен және қолдан жасалған заттаңбамен құқыққа қайшы және әдейi жабдықталған, сондай-ақ жасырын шығарылған дәрiлiк зат, медициналық мақсаттағы бұйым және медициналық техника.
Контрафакт сөзiнен бiз «тiркелмеген дәрiлiк зат» екендiгiн түсiнемiз, яғни «ҚР дәрiлiк өнiм айналымы саласындағы мүлiк айналым нормаларын бұзатын қолданыстағы құрал». Түсiнiктi болу үшiн, бiз «қосарлас» немесе «сұрқай» импорт туралы айтқалы отырмыз.
Бiз «параллель» импортпен бетпе-бет кездескендегi негiзгi қауiп мынада: дәрi-дәрмектердi «кәшкене қайықтармен» сөмкелерде, картон қораптарда тасымалдайды. Көбiнесе бұзушылар дәрiлердi жүк арбаларында, автобустың жүк бөлiгiнде, сонымен қатар құрылыс материалдарымен, автобөлшектермен, жемiс-көкөнiс өнiмдерi бар қаптарда тасымалдайды. Ал дәрiлiк өнiмдердi бұндай жолмен тасымалдау дұрыс емес, себебi температуралық режим сақталмағандықтан бұл препаратқа керi әсерiн тигiзедi.
ДДҰ деректерiне сәйкес, дамушы нарықтағы жалған дәрiлiк заттардың үлесi 10% құрайды (оған Қазақстан да жатады). Жалған дәрiлiк өнiмдер заңсыз айналымда жүрiп тұруы мүмкiн.
Заңсыз айналым астында дәрiлiк заттарды қолдан сатып алу түсiнiледi: газеттердегi, базарлардағы хабарландырулар және интернет арқылы. Мәселен, ДДҰ мәлiметi бойынша, интернетте жасанды затты сатып алу кемiнде 50% құрайды. Сондай-ақ, кей жерлерде базарларда, вокзалдарда жартылай жертөлелерде орналасқан ұсақ дәрiханаларда iске асырулары мүмкiн.
Сондықтан да кез-келген пациент «жақсы мiнез-құлық» ережесiн қалыптастыру керек:
-өзiндi және жақындарынды дәрiлердi тек қана дәрiханаларда сатып алуға үйрету;
-қаптамаға назар аудару — онда мiндеттi түрде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазулар болуы тиiс және тiркеу куәлiгiнiң нөмiрi ҚР-ДЗ-5-№000000;
-сатып алу кезiнде сiз дәрiшiден сертификатты көрсетудi сұрай аласыз және мiндеттi түрде чек талап етуге құқылысыз.
2014 жылы Қылмыстық кодекске түзетулер енгiзiлдi, ендi жалған дәрi-дәрмек айналымы қылмысты болып табылады.
Қазiргi уақытта егер бұл пациенттiң денсаулығына ауыр зардаптар әкеп соқтырса, қылмыстық жауапкершiлiктiң бұл түрi бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасын құрайды. Егер пациентке зиян келтiрiлсе немесе препаратты қабылдау өлiмге әкелiп соқса, онда жалғандық үшiн тағы бiр бап қосылады. Бұл оңай олжаға кеңелу әуесқойларын ұзақ мерзiмге тордың ар жағына жабуы мүмкiн.
Қорытындысында, барлық мүдделi тұлғалардың бiрлескен күш- қалыптастырушы жiгерiмен, бiз елiмiздiң орнықты экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ете аламыз.