3 ақпандағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алу жөнiндегi жедел деректер мынадай:
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылғы 25 қаңтар мен 3 ақпан аралығында уәкiлеттi операторлардан мақсатты пайдалану үшiн мерзiмiнен бұрын төлемдердi жүзеге асыруға жолдаған 75 131 салымшының өтiнiшiн қабылдады.
БЖЗҚ-ға өтiнiштердiң көпшiлiгi «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚуәкiлеттi операторынан келiп түстi. Осы оператор арқылы 2021 жылғы 25 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 73 355 өтiнiш қабылданды.
Жалпы сомасы 294,1 млрд теңгеге жуық 53 709 өтiнiш (73%-дан астам) алдын ала мақұлданып, өңдеуге қабылданды. БЖЗҚ 19 646 өтiнiштi (шамамен 27%) заңнама талаптарына сәйкес келмейтiндiктен қабылдамады.
«Отбасы банк» АҚ уәкiлеттi операторынан қабылданған 27 327 өтiнiш бойынша 2021 жылғы 1-3 ақпан аралығында жалпы сомасы шамамен 151 млрд теңгеге төлемдер жүзеге асырылды. Төлемдердiң орташа сомасы 5,5 млн теңгеден асты.
«Қазақстан Халық Банкi» АҚ уәкiлеттi операторынан 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 1 766 өтiнiш келiп түстi. Оның iшiнде 1 548 өтiнiш (шамамен 87%) өңдеуге қабылданды, 228 өтiнiш заңнама талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты қабылданбады. Уәкiлеттi оператордың арнайы шотына 8,3 млн теңге аударылды.
Осылайша БЖЗҚ уәкiлеттi операторлардан өңдеуге өтiнiмдер қабылдай бастаған 25 қаңтардан бастап жалпы сомасы 301,7 млрд теңгеден астам сомаға кейiннен төлем жасау үшiн 55 257 өтiнiшөңдеуге алынды. Салымшылардың уәкiлеттi оператор ретiнде айқындалған банктерде ашылған арнайы шоттарына шамамен 151 млрд теңге аударылды.
Үкiмет қаулысымен бекiтiлген «Зейнетақы төлемдерiн, бiржолғы зейнетақы төлемдерiн тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асыру» қағидаларына сәйкес, жинақтарды уәкiлеттi операторға аудару уәкiлеттi оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтiнiшi келiп түскеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 173-бабына сәйкес уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi оқиғаның басталуы белгiленген күнтiзбелiк күннен немесе оқиғаның басталуынан кейiнгi келесi күнi басталатынын атап өткен жөн.
Қолжетiмдi сома туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильдi қосымшасы арқылы уәкiлетi операторға бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алуға тiкелей өтiнiм берер алдында мұқият тексеруге кеңес беремiз. Салымшының БЖЗҚ-да жеткiлiктiлiк шегiнен асатын сомасы болған жағдайда, оны пайдалануға өтiнiм шексiз рет берiлуi мүмкiн.
Азаматтардың өтiнiм беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшiн нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерiн уәкiлеттi оператор «бiр терезе» қағидаты бойынша қарайды және БЖЗҚ-ға жеке өтiнiш беру талап етiлмейдi.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).