Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi инвестициялық портфельдi басқарушыларға қатысты бекiткен талаптарға нарықта жұмыс iстейтiн және басқарушы компаниялар агенттiгiнiң лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келедi:
«First Heartland Jysan Invest»;
«BCC Invest» АҚ –«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншiлес ұйымы»;
«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕҰ);
«Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкiнiң ЕҰ» АҚ;
«First Heartland Capital» АҚ;
«Сентрас Секьюритиз» АҚ.
Алайда зейнетақы жинақтарын сенiмгерлiкпен басқаруға беру үшiн бұл компанияларға зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың, сондай-ақ, БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы қажет.
2021 жылдың 18 ақпанында«БЖЗҚ» АҚ мен «First Heartland Jysan Invest» АҚ арасында, сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ мен «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕҰ) арасында зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар жасалды.
«First Heartland Jysan Invest» АҚ-ның кастодиан-банкi «Сбербанк» АҚ ЕҰ, «Halyk Global Markets»АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕҰ) кастодиан-банкi«Банк Центр Кредит» АҚ болды.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру үшiн салымшы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ИПБ-ны таңдау туралы өтiнiшпен жүгiнуi қажет. Өтiнiш БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңiрлiк бөлiмшесiне өзi келген кезде берiлуi мүмкiн.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).