БЖЗҚ-дан төленетiн бiржолғы зейнетақы төлемдерiн қазақстандықтар қандай мақсаттарға бағыттауда?

2021 жылдың 16 ақпанындағы жағдайы бойынша БЖЗҚ-ғау әкiлеттi операторлардан («Отбасы Банкi» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкi» АҚ, сондай-ақ, «Банк Центр Кредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бiржолғы зейнетақы төлемдерiн жүзегеа сыруға134 709 өтiнiш келiп түстi.

Жалпы сомасы 469 млрд теңгеге жуық 86 710 өтiнiш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына келiп түскен төлемдердiң орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асады.

Жалпы сомасы 27,7 млрд теңгеге жуық 5 420 өтiнiш салымшылардың уәкiлеттi операторларда ашылған арнайы шоттарына кейiннен төлемдердi жүзеге асыруға аудару үшiн өңделуде.

25 қаңтардан бастап (БЖЗҚ уәкiлеттi оператордан өтiнiш қабылдай бастаған күн) 42 579 өтiнiш заңнама талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты қабылданбады. Өтiнiмдердi қабылдамаудың негiзгi себебi өтiнiште көрсетiлген сұратылып отырған соманың зейнетақы жинақтарының алуға қолжетiмдi сомадан асып кетуi болып табылады. БЖЗҚ-ның өтiнiштердi қабылдамау себептерi мен оларды жою бойынша ұсынымдар туралы егжей-тегжейлi баяндамасы мына жерде.

Өтiнiштердiң 97% жуығы «Отбасы банк» ТҚЖБ» АҚ уәкiлеттi операторынан, 3% — «Қазақстан Халық Банкi» АҚ-дан түскен. 15 ақпаннан бастап үшiншi уәкiлеттi оператор — «Банк Центр Кредит» АҚ-дан өтiнiштер түсе бастады. Одан 2 өтiнiш жiберiлдi, олардың бiреуi өңдеуге қабылданды, ал екiншiсi өтiнiш берушiнiң бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы болмағандықтан қабылданбады

Орындалған өтiнiштердi талдау барысы олардың ең көп санының (шамамен 39%) ипотекалық қарыз бойынша берешектi iшiнара немесе толық өтеу мақсатына (оның iшiнде ислам банкiнiң қаржыландыруы шеңберiнде) бағытталғанын көрсетедi. Өтiнiш бiлдiрген салымшылардың шамамен 26% зейнетақы ақшасын тұрғын үйдi ипотекасыз (толық сатып алу) сатып алуға жiберу туралы шешiм қабылдаған. Зейнетақы жинақтарын пайдалануға танымалдығы жағынан үшiншi орындағы сұраныс — жақын туыстарына беру (өтiнiштердiң 19% астамы).

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
25 февраля 2021