Бiр апта iшiнде БЖЗҚ-ға уәкiлеттi операторлардан мерзiмiнен бұрын мақсатты төлемдер бойынша 60 мыңнан астам өтiнiш келiп түстi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры операциялық күндi 2021 жылдың 1 ақпанында жауып, сегiз күн iшiнде уәкiлеттi операторлардан салымшылардың нысаналы пайдалану үшiн мерзiмiнен бұрын төлемдердi жүзеге асыруға қатысты 60 079 өтiнiшiн қабылдады.

БЖЗҚ-ға өтiнiштердiң көпшiлiгi «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ уәкiлеттi операторынан келiп түстi. Осы оператор арқылы 2021 жылдың 25 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында 59 337 өтiнiш қабылданды.

Жалпы сомасы шамамен 240,5 млрд теңгедей болатын 43 737 өтiнiш (80% пайыздан астамы) өңдеуге қабылданды. БЖЗҚ-ға өтiнiштер берiлген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде бұл сома салымшылардың «Отбасы банкi» АҚ-дағы арнайы шоттарына аударылатын болады. БЖЗҚ 15 600 өтiнiштi (20% кем) заңнама талаптарына сәйкес келмейтiндiктен қабылдамады.

28 қаңтарда БЖЗҚ-ға басқа уәкiлеттi оператор — «Қазақстан Халық Банкi» АҚ-дан да өтiнiштер түсе бастады. Бес күн iшiнде одан 742 өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде 650 өтiнiш өңдеуге қабылданды, 92 өтiнiш заңнама талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты қабылданбады.

Осылайша 25 қаңтар мен 1 ақпан аралығында БЖЗҚ 243,8 млрд теңгеден астам сомаға 44 387 өтiнiштi кейiннен төлеудi жүзеге асыру үшiн өңдеуге қабылдады. Өңдеуге қабылданған өтiнiштiң орташа сомасы шамамен 5,5 млн теңгенi құрайды.

Осы күндерге жасалған талдау көрсеткендей, өтiнiмдердi қабылдамаудың негiзгi себебi (шамамен 80,6%) өтiнiште көрсетiлген сұратылып отырған соманың зейнетақы жинақтарының алуға қолжетiмдi сомасынан асып кетуi болып табылады. Бас тартудың бiр бөлiгi (шамамен 19%) сұралып отырған соманың өңдеуге қабылданған өтiнiштердi ескере отырып, зейнетақы жинақтарының алу үшiн қолжетiмдi сомасынан асып кетуiмен байланысты. Бұл осы өтiнiштердiң қайта берiлгендiгiн бiлдiредi. Кейбiр өтiнiмдердi БЖЗҚ-да жинақтары жоқ адамдар немесе бiржолғы зейнетақы төлемiн алуға құқығы жоқ салымшылар берген.

Қандай да бiр себеппен (толтыру кезiндегi қателер, дұрыс көрсетiлмеген сомалар, төлеуге қолжетiмдi соманың өзгеруi және т. б.) бiржолғы зейнетақы төлемiн алуға арналған өтiнiмiн қанағаттандырудан бас тартылған салымшылар бас тарту себебiн жойып, уәкiлеттi операторға қайтадан өтiнiм берулерiне болады.

Салымшы өз жинақтарын әртүрлi мақсаттарға пайдаланғысы келсе, онда алуға болатын сома шегiнде осы мақсаттарға жеке өтiнiмдер беруге болады.

Зейнетақы жинақтары туралы барлық мәлiметтер құпия болып табылатындығын және олар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес салымшының өзiне ғана берiлетiнiн атап өту маңызды.

Қолжетiмдi сома туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильдi қосымшасы арқылы уәкiлетi операторға бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алуға тiкелей өтiнiм берер алдында мұқият тексеруге кеңес беремiз. Салымшының БЖЗҚ-да жеткiлiктiлiк шегiнен асатын сомасы болған жағдайда, оны пайдалануға өтiнiм шексiз рет берiлуi мүмкiн.

Азаматтардың өтiнiм беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшiн нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерiн уәкiлеттi оператор «бiр терезе» қағидаты бойынша қарайды және БЖЗҚ-ға жеке өтiнiш беру талап етiлмейдi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
25 февраля 2021