БЖЗҚ жалған хабарламалар таратылып жатқаны туралы ескертедi !

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтiк желiлер мен мессенджерлерде алаяқтар тарапынан телефон шабуылдарына қатысты жалған ақпарат таратылып жатқаны туралы хабарлайды. Олар өздерiн зейнетақы қорының қызметкерлерi ретiнде таныстырып, банк картасының нөмiрiн бiлуге тырысады және зейнетақыны қайта есептеуге керек деген желеумен оның деректемелерiн атауды сұрайды. БЖЗҚ мұндай спам-жiберiлiмнiң Ресей Федерациясында бiрнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiне ешқандай қатысы жоқ екенiн анықтады.

БЖЗҚ кезектi реет осындай жiберiлiмдердi жүзеге асырмайтынын және телефон арқылы жеке деректер мен сiздiң банктiк картаңыздың деректерiн сұрамайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ, Қор бейтаныс сайттарға күдiктi сiлтемелер бойынша өтпеуге кеңес бередi және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтiк желiлердегi ресми парақшаларында тексерудi сұрайды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
25 февраля 2021