БЖЗҚ-дан 2021 жылғы 17 ақпандағы бiржолғы зейнетақы төлемдерi

2021 жылдың 17 ақпанындағы жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкiлеттi операторлардан («Отбасы Банкi» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкi» АҚ, сондай-ақ, «Банк Центр Кредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бiр жолғы зейнетақы төлемдерiн жүзегеа сыруға 140 941 өтiнiш түстi.

Жалпы сомасы 496,7 млрд теңгеге жуық 92 126 өтiнiш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердiң орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асады.

Арнайы шоттарға төлем алғандардың 20% жуығы Алматы қаласында тұрады, орындалған өтiнiштердiң 17% жуығы Маңғыстау облысының тұрғындарынан, ал 16% елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан жiберiлген екен. Өңiрлер бойынша толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» — «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған бiр жолғы зейнетақы төлемдерi» бөлiмiнде берiлген.

Жалпы сомасы 23 млрд теңгеге жуық 4 482 өтiнiш салымшылардың уәкiлеттi операторларда ашылған арнайы шоттарына кейiннен төлемдердi жүзеге асыруға аудару үшiн өңделуде.

25 қаңтардан астап (БЖЗҚ уәкiлеттi оператордан өтiнiш қабылдай бастаған күн) 42 579 өтiнiш заңнама талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты қабылданбады. БЖЗҚ-ның өтiнiштердi қабылдамау себептерi мен оларды жою бойынша ұсынымдар туралы егжей-тегжейлi баяндамасы мына жерде.

Орындалған өтiнiштерге жасалған талдау олардың ең көп санының (шамамен 39%) ипотекалық қарыз бойынша берешектi iшiнара немесе толық өтеу мақсатына (оның iшiнде ислам банкiнiң қаржыландыруы шеңберiнде) бағытталғанын көрсетедi . Өтiнiш бiлдiрген салымшылардың шамамен 26% зейнетақы ақшасын тұрғын үйдi ипотекасыз (толық сатып алу) сатып алуға жiберу туралы шешiм қабылдаған. Зейнетақы жинақтарын пайдалануға танымалдығы жағынан үшiншi орындағы сұраныс — жақын туыстарына беру (өтiнiштердiң 19% астамы). Бiржолғы зейнетақы төлемдерiн пайдалану мақсаттары туралы толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» — «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған мақсаттар бойынша бiржолғы зейнетақы төлемдерi» бөлiмiнде орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
25 февраля 2021