2021 жылдың 11 ақпанындағы жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкiлеттi операторлардан («Отбасы Банкi» ТҚЖБ» АҚ және «Қазақстан Халық Банкi» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бiржолғы зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға 109 900 өтiнiш түстi.
Жалпы сомасы 386,4 млрд теңгеден асатын 71 200 өтiнiш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердiң орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асатын соманы құрады.
21,7 млрд теңгеден аса сомаға3 988 өтiнiш уәкiлеттi операторларда ашылған арнайы шоттарға кейiннен төлемдер жасау үшiн өңделуде.
Үкiмет қаулысымен бекiтiлген « Зейнетақы төлемдерiн, бiржолғы зейнетақы төлемдерiн тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асыру » қағидаларына сәйкес , жинақтарды уәкiлеттi операторға аудару уәкiлеттi оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтiнiшi келiп түскеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 173-бабына сәйкес уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi оқиғаның басталуы белгiленген күнтiзбелiк күннен немесе оқиғаның басталуынан кейiнгi келесi күнi басталатынын атап өткен жөн.
2021 жылғы 25 қаңтардан бастап (БЖЗҚ уәкiлеттi оператордан өтiнiш қабылдай бастаған күн) 34 712 өтiнiш заңнама талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты қабылданбады. Өтiнiмдердi қабылдамаудың негiзгi себебi өтiнiште көрсетiлген сұратылып отырған соманың зейнетақы жинақтарының алуға қолжетiмдi сомадан асып кетуi болып табылады. Өтiнiштердi қабылдамау себептерi мен оларды жою бойынша ұсынымдар туралы БЖЗҚ бұған дейiн егжей-тегжейлi баяндаған болатын.
Егер қандай да бiр себептермен салымшының өтiнiшi қабылданбаған болса, оларды жойып, жеткiлiктiлiк шегiнен асатын сома болған жағдайда, өтiнiштi шексiз реет беруге болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).