2021 жылдың өткен кезеңінде Аршалы аудандық сотының бітімгер – судьясы Олжас Шалабаев дауды сот медиациясы тәртібімен реттеуге байланысты төрт азаматтық іс жүргізуді тоқтатты. Оның ішінде 3 ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу туралы Азаматтық іс, 1 ерлі-зайыптыны асырауға алимент өндіріп алу туралы Азаматтық іс.
Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, оның шарттары бойынша ерлі-зайыптылар өзара түсіністікке келді.
Соттың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуі салдарынан істі тоқтату тәртібі және АІЖК-нің 278-бабының салдары түсіндірілді.
Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті және іс жүргізуді тоқтатты.
Аршалы аудандық соты