ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70 бабына сай, ата-аналар өз баласын тәрбиелеуге міндетті. Бірақ, кейбір ата-аналар бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін толық орындамай жатады. Әрбір ата-ананың міндеті өз балаларын асырап бағу және олардың тәрбиесімен айналысу болып табылады. Балаларына қамқорлық таныту, оларды бағу ана мен әкенің оратақ міндеті. Сол себепті балалары үшін жауаупсыздық танытқан ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Балалардың ата-аналары немесе басқада заңды өкілдері өз қабілеттеріне қарай баланың жан-жақты дамуы үшін қаржылай жағдай жасауға міндетті.
Ата-ананың қамқорлығының, отбасындағы қалыпты микроклиматтың болмауы, ата-аналардың балаларға тиісті материалдық көмек көрсетпеуі, олардың мінез-құлқын бақыламауы жасөспірімнің қоғамға қарсы әрекет
жасауына негіз бола алады. Алайда жас өспірімдердің мінез құлқының өзгеруіне олардың ата-аналарымен қарым қатынасы,ата-аналарының оларға деген көзқарасы және отбасындағы басқа да жағдайлар әсер етеді.
Аршалы аудандық соты