
2021 жылғы 4 ақпанда Будапештте 2005 жылы 14-17 қыркүйекте өткен Сайлау ұйымдастырушылардың Бас конференциясының шеңберiнде белгiленген Дүниежүзiлiк сайлау күнi аталып өтiледi.
Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEEO) бастамасы бойынша жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбiсiнде Дүниежүзiлiк сайлау күнi аталып өтедi.
Сайлауды ұйымдастыру және өткiзу саласындағы мамандар Дүниежүзiлiк сайлау күнiн белгiлей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерiн жақсарту проблемасына жұрттың назарын аудару мақсатын көздедi.
Осы күндi өткiзудiң басты мiндеттерi — қоғам санасында демократияландыру процесiнiң қайтымсыздығын бекiту, сайлау процесiндегi жетiстiктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейiлдiлiктi қалыптастыру.
Осы айтулы күнi Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Имашевтiң алғыс хаттарымен марапатталды:
1.Жусупова Маржан Болатқызы — № 158 учаскелiк сайлау комиссиясының төрайымы;
2.Клименко Елена Александровна — № 128 учаскелiк сайлау комиссиясының төрайымы;
3.Рубасов Павел Григорьевич — № 142 учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы М. Садуовтың алғыс хаттарымен марапатталды:
1.Сабиржанова Гүлназия Муктарқызы — № 136 учаскелiк сайлау комиссиясының төрайымы;
2.Фаткулина Ирина Радиковна — № 129 учаскелiк сайлау комиссиясының төрайымы;
3.Хасенова Майгүл Сагидуллоқызы — № 159 учаскелiк сайлау комиссиясының төрайымы.





