Аршалын облыстық мәслихатының жобасы
«Аршалы ауданының елдi мекендерiнiң аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбiн бекiту туралы» Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы №13/7 шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы "Аршалы ауданының елдi мекендерiнiң аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбiн бекiту туралы" № 13/7 шешiмiне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5885 болып тiркелген, 2017 жылғы 04 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсiн::
Көрсетiлген шешiммен бекiтiлген Аршалы ауданының елдi мекендерiнiң аумағында жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Аршалы ауданының әкiмi Т. Мұханбеджановқа жүктелсiн;
3."Ақмола облысы Аршалы ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) осы шешiмнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) ресми жарияланғаннан кейiн осы шешiмдi Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн;
4.Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi