Аршалы ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Аршалы аудандық мәслихатының жобасы

Аршалы ауданының аумағында

жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн — өзi басқару туралы" Заңының (бұдан әрi-заң) 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2017 жылғы 07 тамыздағы № 295 "Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының үлгi регламентiн бекiту туралы" бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15630 тiркелген) сәйкес Аршалы аудандық мәслихаты

ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аршалы ауданы аумағында жергiлiктi қоғамдастық жиналысының қоса берiлiп отырған регламентi бекiтiлсiн;

2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Аршалы ауданының аппарат басшысы Л. Асановаға жүктелсiн;

3. "Ақмола облысы Аршалы ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) осы шешiмнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) ресми жарияланғаннан кейiн осы шешiмдi Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн;

4. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

Дата публикации
26 января 2021