Құрметтi Аршалы ауданының тұрғындары!

Сiздердiң назарларыңызға "Орталық атқарушы органдары басшыларының, әкiмдердiң, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын iске асыру мақсатында, сондай-ақ тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, Аршалы ауданы аумағында азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында, барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдындағы "2020 жылғы өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған мiндеттер туралы" есептiк кездесулерi бекiтiлген кестеге сәйкес 2021 жылғы 21 қаңтардан бастап "Instagram" әлеуметтiк желiсiнiң "arshaly_audanynyn_akimdigi" парақшасында онлайн форматта өткiзiлетiн болады.

Егер сiзде айтқыңыз келетiн, бiрақ онлайн-кездесуге қосылу мүмкiндiгiңiз жоқ қандай да бiр ескертулер мен ұсыныстар болса, сiз есептi кездесулердi өткiзудiң жоспарланған күнiне дейiн қатыса аласыз:

- оларды аудан әкiмi аппаратының, Аршалы кентi, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының әкiмшiлiк ғимараттарында орналасқан арнайы жәшiктерге жазбаша түрде жiберу;,

-8-716-44-5-10-10 телефон нөмiрiне қоңырау шалу немесе Whatsapp мессенджерiнде +7-776-062-18-32 телефон нөмiрi бойынша хабарлама жазу,

- сондай-ақ оларды аудан әкiмi және Аршалы кентi, ауылдық округ әкiмдерi күн сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейiн ұйымдастыратын азаматтардың жеке қабылдауларында баяндасын.

Қосымша:

1. Есеп беру кездесулерiн өткiзу кестесi

2. Ұсыныстар мен ескертулердi жинауға арналған жәшiктердiң орналасқан жерi туралы деректер.

Аршалы ауданы әкiмiнiң аппараты

Дата публикации
20 декабря 2020