1) тиісті сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөніндегі саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірме;
2) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме;
3) Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде саяси партияны, қоғамдық бірлестікті тіркеу, аумақтық әділет органдарында құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмелері;
4) азаматтың өзі ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болуға келісімі туралы өтініші;
5) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
6) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды 2026 жылғы 1 қазанға тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы (250-нысан);
7) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат(ЕТЖ-ның 5 еселенген мөлшері, 5 х 85000= 425000 теңге).
Ұсыну аяқтау мерзімі 2026 жылғы 27 қазан сағат 18.00-ге дейін.