2026 жылдың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауды тағайындауға байланысты Аршалы аудандық «Вперёд» және «Аршалы айнасы» газеттерінің редакциясы баспа алаңын ұсынады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес, «Вперёд» және «Аршалы айнасы» газеттерінде орыс және мемлекеттік тілдерде 1 шаршы см. 450 (төрт жүз елу) теңгені құрайды.
Аудандық газеттерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгісі келетіндер бізбен шарт жасасып, материалды редакцияға тапсырып, тиісті төлемді жүзеге асыруы тиіс. Үміткерлердің бұқаралық ақпарат құралдарына шығу кезегі жазбаша өтініштерді қабылдау тәртібімен немесе егер өтінімдер бір уақытта қабылданған болса, жеребе бойынша белгіленеді.
Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.