Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу туралы ақпарат

Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу туралы ақпарат

"Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысымен ағымдағы жылғы 29 қарашаға мәслихаттар депутаттарын сайлау тағайындалды.
Аршалы ауданы бойынша мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізуге 48 комиссия жұмылдырылатын болады: 1 аумақтық, 12 округтік және 35 учаскелік комиссиялар, оның ішінде 3 комиссия жабық, аудандық ауруханада, 6636 әскери бөлімінде және Аршалы ауданының полиция бөлімі жанындағы уақытша ұстау изоляторында орналасқан.
Комиссиялардың барлығы 252 мүшесі, оның ішінде аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі, округтік сайлау комиссияларының 60 мүшесі, учаскелік сайлау комиссияларының 185 мүшесі.
Аршалы ауданы бойынша 11 депутаттық мандат.
Мәслихаттар – халықтың, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің еркін білдіретін және оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.
Мәслихат депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады.
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын азаматтардың сайлануға құқығы жоқ;
- заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен мойындаған адамдар.
Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатындарға – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне), егер тиісті өкілеттік Жарғыда көзделген жағдайда және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтарға тиесілі.
Ешкімді бірнеше сайлау округіне кандидат ұсына алмайды.

​Саяси партиядан немесе қоғамдық бірлестіктен ұсынылған кезде келесі құжаттар қажет:
• Тиісті округ бойынша кандидат ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының хаттамасынан үзінді.
• Қоғамдық бірлестіктің немесе партияның жарғысынан олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) кандидаттар ұсыну құқығын растайтын үзінді.
• ҚР Әділет министрлігінде саяси партияны немесе қоғамдық бірлестікті мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың (немесе әділет органдарында филиалды/өкілдікті есептік тіркеу туралы құжаттың) көшірмесі.
• Азаматтың осы сайлау округі бойынша оны ұсынған бірлестіктен депутаттыққа кандидат болуға келісімі туралы өтініші.
• Үміткер туралы өмірбаяндық мәліметтер.
• Кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 2026 жылғы 1 қазанға тапсыру туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы («ҚР сайлау туралы» КР КЗ 104-бабының 2-тармағы).
• Жергілікті атқарушы органдардың шотына 425 000 теңге (5*85000 (ЕТЖ) мөлшерінде сайлау жарнасының енгізілгенін растайтын құжат (жарнаны кандидат тіркеу сәтіне дейін оның заңнама талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін енгізеді).

Егер кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылса, онда келесі құжаттар тізімі қажет:
• Осы бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып сайлануға ниет білдіру туралы өтініш.
• Үміткер туралы өмірбаяндық мәліметтер.
• Кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 2026 жылғы 1 қазанға тапсырғаны туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.
• Жергілікті атқарушы органдардың шотына 425 000 теңге (5*85000 (ЕТЖ) мөлшерінде сайлау жарнасының енгізілгенін растайтын құжат (жарнаны кандидат тіркеу сәтіне дейін оның заңнама талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін енгізеді).

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың бекітілген Күнтізбелік жоспарына сәйкес осы сайлау науқанының негізгі кезеңдері:
- Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну 2026 жылғы 14 қазаннан басталып 27 қазанда сағат 18.00-де аяқталады.
- Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу 14 қазанда басталып, 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18.00-де аяқталады.
- Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша Аршалы кентінде, ж. Тәшенов көшесі, 47, Жастар орталығының ғимаратында орналасқан Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына хабарласуға болады, байланыс телефоны 2-18-80.


Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 октября 2026