Арнаулы әлеуметтік қызметтер

Ақмола облысында 10 арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi. Оның iшiнде қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi 5 орталық: Бурабай ауданының Щучинск қаласында, Бұланды ауданының Макинск қаласында, Шортанды ауданының Дамса ауылында, Бiржан сал ауданының Макинка ауылында және Целиноград ауданының Аққайың ауылында орналасқан. Менталдi денсаулық ерекшелiктерi бар мүгедектерге арналған 4 орталық-олар Бұланды ауданының Купчановка ауылында, Степногорск қаласының Шаңтөбе кентiнде және Астрахан ауданының Первомай ауылында орналасқан. Көкшетау қаласындағы 1 орталық — менталдi денсаулық ерекшелiктерi бар балаларға арналған.

Өзi-өзiне қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайы бойынша стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет алуға мұқтаж, "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес өзiнiң еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-анасын, жұбайын (ММ) күтiп-бағуға және оларға немесе еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары бар балаларға қамқорлық жасауға мiндеттi,еңбекке қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы), объективтi себептер бойынша оларға тұрақты көмек пен күтiмдi қамтамасыз ете алмайтын (бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектiгi, онкологиялық, психикалық аурулары бар, бас бостандығынан айыру орындарында жүрген, наркологиялық диспансерде есепте тұрған немесе елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, жұбайы (зайыбы) үшiн қосымша қартайған шағында болған) мүгедектер мен қарттар жалпы үлгiдегi орталықтарда тұра алады).

Денсаулықтың менталдық ерекшелiктерi бар мүгедектерге арналған орталықтарда психоневрологиялық аурулары бар бiрiншi, екiншi топтағы он сегiз жастан асқан, барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi, соқырлық (нашар көру), психикалық аурулардың созылмалы түрлерi, жеке басының айқын кемiстiгi бар шизофрения, эпилепсияның әртүрлi нысандары, мидың инфекциялық және басқа да органикалық ауруларының салдары және т. б. салдарынан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж адамдар тұра алады.

Денсаулықтың менталдi ерекшелiктерi бар балаларға арналған орталықтарда барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi, соқырлық (нашар көру), эпилепсия, шизофрения салдарынан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi қажет ететiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалар тұра алады.

Стандартқа сәйкес қамқорлықтағыларға 8 арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiледi (әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-медициналық, әлеуметтiк-психологиялық, әлеуметтiк-педагогикалық, әлеуметтiк-мәдени, әлеуметтiк-еңбек, әлеуметтiк-экономикалық, әлеуметтiк-құқықтық).

2020 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 24 желтоқсанына дейiнгi кезеңде ауданның 6 тұрғыны Ақмола облысының медициналық-әлеуметтiк мекемелерiне жолдама алды.

Барлық сұрақтар бойынша "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ-ге хабарласуға болады. Аршалы кентi Ташенов көшесi,47, аудандық әкiмдiк ғимараты.

Дата публикации
25 декабря 2020