Қазақстанда 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтіледі

Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия бiрқатар шешiм қабылдады:

🔹2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейiн ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды, оның iшiнде жаңа жылдық ертеңгiлiктер мен мерекелiк корпоративтердi өткiзуге тыйым салынады.

🔹Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейiн «Теңiз» кен орнында шектеу шаралары күшейтiледi.

🔹Бөлшек сауда желiсiнде антиковидтi дәрiлiк заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау.

Сонымен қатар бiлiм беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пiкiрiн ескере отырып, келесi шешiмдер қабылданды:

🔹оқу жылының III тоқсанынан бастап бiтiрушi сыныптар үшiн (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердiң 70%-ын — дәстүрлi форматта, 30%-ын — қашықтан) қарастырылсын;

🔹оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының бiлiмiндегi олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын;

🔹 II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бiрiншi курс студенттерiн аралас оқыту қайта басталсын. Үкiмет басшысы әкiмдерге өңiрдегi эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажеттi шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Премьер-Министр әкiмдердiң назарын қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерiн вакцинациялауға дайындау қажеттiгiне аударды.

Iшкi iстер министрлiгiне әкiмдiктермен бiрлесiп, мереке алдындағы және мереке күндерi санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Дата публикации
22 декабря 2020