Жедел мәлiметтерге сәйкес

Жедел мәлiметтерге сәйкес, 2020 жылдың желтоқсан айының басынан елiмiзде 5 жасқа дейiнгi балалар арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 365 жағдайы және 6-18 жас аралығындағы балалар арасында 780 жағдай тiркелген.

Сонымен қатар, 5 жасқа дейiнгi балалар арасында КВИ жұқтыру деңгейi бойынша ең жоғары көрсеткiш — Қостанай облысында, 77 фактiсi анықталған. Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында бiр фактiден тiркелген. Ал Қызылорда облысында желтоқсан айының басынан 5 жасқа дейiнгi балалар арасында КВИ-дi жұқтырудың бiрде-бiр фактiсi тiркелген жоқ.

6 жас пен 18 жасқа дейiнгi КВИ жұқтырған балалардың басым бөлiгi Павлодар облысында тiркелген, 3 апта iшiнде 165 бала iндеттi жұқтырған. Және Шығыс Қазақстан облысында 147 фактi, Қостанай облысында 120 және Нұр-Сұлтан қаласында 108 жағдай тiркелген. Маңғыстау және Түркiстан облыстарында екi жағдай анықталған. Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында аталған кезең арасында бұл санаттағы балалар арасында КВИ жұқтыру дерегi тiркелмеген.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 желтоқсанынан Қазақстанда 5 жасқа дейiнгi балалар арасында COVID-19 белгiлерi бар пневмониямен сырқаттанудың 49 оқиғасы тiркелдi. Олардың басым бөлiгi Ақмола облысында орын алғаны анықталды (16 факт). 6 жастан 18 жасқа дейiнгi балалар арасында iндеттiң 88 жағдайы тiркелген, ең көбi — Шығыс Қазақстан облысында (10 жағдай) орын алған.

Дата публикации
22 декабря 2020