БЖЗҚ сапа менеджментінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сапа менеджментi жүйесiнiң ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестiгiне екiншi бақылау аудитiнен сәттi өтiп, бұрын берiлген сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын растады. Бақылау аудитi барысында Қордың он бөлiмшесiнiң, сондай-ақ, Алматы қаласындағы филиалдың қызметi тексерiлдi. Сәйкестiктi растау Қор салымшылары мен алушыларының үмiттерi мен қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, Қор процестерiн тиiмдi басқару және зейнетақы қызметтерiнiң сапасын үнемi жетiлдiруге негiзделген клиентке бағдарланған сапа менеджментi жүйесiн қолдайтынын куәландырады.

Қор менеджмент жүйесiн үнемi жетiлдiрiп отыратынын, дамуын жалғастырып, өз салымшыларының мүддесi үшiн жұмыс iстейтiнiн тағы да растады.

Аудиттi "TUV Thuringen" сертификаттау жөнiндегi немiс органы жүргiздi, ол Қор басшылығының сапа менеджментi жүйесiн жұмысқа қабiлеттi күйде ұстауға деген ұмтылысы мен БЖЗҚ-ның үйлесiмдi және кәсiби ұжымын ерекше бағалады.

Аудит барысында БЖЗҚ-ның сапа менеджментi жүйесi қызметiнiң оң аспектiлерiнiң арасында салымшылардың барлық санаттарын ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кең диапазонын қолданудың дұрыс және үнемi дамып келе жатқан жүйесi атап өтiлдi. IT-технологиялар тәуекелдердi басқару саласында да, мәселен, тәуекелдi оқиғалар жөнiндегi электрондық журнал және проблемалық аймақтар картасының тетiктерi арқылы қолданылады. Аудиторлар Қордың инфрақұрылымды жақсартуға ұмтылысын, сондай-ақ, салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету кезiнде филиал бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң сауаттылығын ерекше атап өттi.

БЖЗҚ-да қашықтықтан оқыту жүйесiнiң болуы мамандардың бiлiктiлiгiн және тиiсiнше қызмет көрсету сапасын үнемi арттырып отыруға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi —

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
20 декабря 2020