БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 қарашасындағы негiзгi көрсеткiштерi
2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.11.2019 жылдан бастап 01.11.2020 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының сомасы екi триллион теңгеден аса немесе 20% өстi.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жинақталды, оның мөлшерi 12,3 трлн теңге (жыл басынан бергi өсiм — 17%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 305,7 млрд теңге (өсiм 24%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,16 млрд теңгеге (өсiм 11%) жеттi.
2020 жылдың басынан бастап 1 қарашаға дейiнгi кезең iшiнде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,1 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелдi. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда екi есеге артық.
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 2020 жылдың 1 қарашасында 1 миллион бiрлiкке артты. 01.11.2019ж. ЖЗШ саны 10,6 (10 606 474) млн бiрлiктi құраса, 01.11.2020ж. бұл көрсеткiш 11,7 миллионнан асып түстi (11 732 725). Осылайша бiр жыл iшiндегi өсiм 11% болды.
Шоттардың басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны — 10 985 056 (жыл басынан бергi өсiм — 11%). Одан кейiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптастырылған шоттар — 523 872 (өсiм — 3%). Ерiктi зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да бiртiндеп көбейiп келедi, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазiр 56 953 бiрлiк (өсiм — 5%).
2020 жылдың басынан берi салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 867,05 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың 10 айындағы көрсеткiштен 67,1 млрд теңгеге немесе 8% асып түстi. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95,5 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 827,7 млрд теңге мөлшерiндегi түсiмдер құрайды. 38,9 млрд теңгенiң аударымы МКЗЖ бойынша жасалған, ал 409 миллион теңге ЕЗЖ бойынша аударылған.
Төлемдер 155,3 млрд теңгенi құрады, олардың басым бөлiгi, атап айтқанда 33% жасы бойынша төлемдер (51,7 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (39,5 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (31,1 млрд теңге), мұрагерлерге (28,2 млрд теңге), жерлеуге (3,5 млрд теңге) берiлген, мүгедектiк бойынша төлемдер (1,3 млрд теңге).
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi —
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).