Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларды әлеуметтiк мессенджерлерде белгiлi бiр ақы үшiн жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме беру туралы алаяқтық ұсыныстардың жиiлеп кеткендiгiн ЕСКЕРТЕДI!
Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ-ның әрбiр салымшысы өзiнiң зейнетақы шотынан төменде көрсетiлген кез-келген хабарлау тәсiлiн таңдап, барлық мәлiметтердi тегiн алуға құқылы, олар: — www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы; — БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы.
-www.egov.kz электрондық үкiмет порталында;
-пошта арқылы;
-«БЖЗҚ» АҚ бөлiмшелерiне өтiнiш бiлдiрген кезде.
Үзiндi көшiрменi алудың электрондық тәсiлi арқылы үйден шықпай-ақ, кез-келген уақытта өзiңiздiң жеке зейнетақы шотыңызды тексере аласыз.
Үзiндi көшiрменi enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы арқылы алуға болады. Оларға кiру үшiн сайтқа тiркелiп, өз деректерiңiз бен құпиясөздi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе mgov.kz. базасында тiркелген сiздiң телефон нөмiрiңiзге келетiн бiр реттiк құпиясөздi пайдалану жеткiлiктi
Смартфондар мен планшеттерге арналған жаңартылған ұялы қосымшаны да пайдалануға болады. ENPF қосымшасында авторланудың екi тәсiлi қолжетiмдi: ЖСН мен парольдi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, сондай-ақ, пайдаланушы ұялы құрылғыда бар болса Touch ID немесе Face ID арқылы кiре алады. Ұялы қосымша Google Play, AppStore және Huawei AppGallery-де қазақ және орыс тiлдерiнде қолжетiмдi.
БЖЗҚ қызметкерлерi салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша кеңес берiп, төмендегi электрондық қызмет түрлерiн алуды қашықтықтан сүйемелдеуге әрдайым дайын екенiн ескерткiмiз келедi:
1)өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон арқылы өтiнiш бiлдiру
(тiзiм enpf.kz сайтына орналастырылған);
2)1418 қысқа нөмiрi бойынша call-орталыққа өтiнiш бiлдiру;
3)+7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whats app және Viber чат-боттарында;
4)www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;
5)enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы өтiнiш жiберу;
6)Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi аккаунттар.
Салымшының жеке зейнетақы шотындағы жинақтары туралы деректерi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңындағы «Зейнетақы жинақтарының құпиясы» деп аталатын 57-бабына сәйкес қорғалғанын есте ұстаған жөн.
БЖЗҚ өзiңiздiң дербес деректерiңiздi үшiншi тұлғаларға бермеу, ал үзiндi көшiрменi ешкiмдi араластырмай тек өзiңiз ғана тексеру туралы ұсыныс жасайды!
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi —
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы